«Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді», — деді Тоқаев.
Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Жастар – ілгері дамудың негізгі қозғаушы күші, еліміздің дүниежүзілік аренада бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы, еліміздің салтын, дәстүрін келер болашаққа жеткізуші көпір.
Осы орайда, Шымкентте жастарды қолдау, жұмыспен қамту жолында түрлі іс-шаралар атқарылуда. Соның бірі, «Жастардан-жастарға ақпараттық керуен» жобасы.
Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығы қызметкерлері 11 шағын ауданда «Жастардан жастарға – ақпараттық керуен» жобасы аясында мемлекеттік бағдарламалар жөнінде ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Пікір қалдыру