«ЖАСТАРДАН ЖАСТАРҒА»: АРНАЙЫ ЖОБА ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

«Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді», — деді Тоқаев.

Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Жастар – ілгері дамудың негізгі қозғаушы күші, еліміздің дүниежүзілік аренада бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы, еліміздің салтын, дәстүрін келер болашаққа жеткізуші көпір.
Осы орайда, Шымкентте жастарды қолдау, жұмыспен қамту жолында түрлі іс-шаралар атқарылуда. Соның бірі, «Жастардан-жастарға ақпараттық керуен» жобасы.

Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығы қызметкерлері 11 шағын ауданда «Жастардан жастарға – ақпараттық керуен» жобасы аясында мемлекеттік бағдарламалар жөнінде ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жобаның мақсаты — жастарды жұмыспен қамту, тұрғын үй мәселесі, кәсіпкерлік бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жастар арасында кеңінен ақпараттандыру және NEET санатындағы жастар үлесін азайту.
«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі төрт ауданға қарасты шалғайда орналасқан елді мекендердің бәрін қамтитын болады. Мемлекеттік бағдарламалар аудан тұрғындары мен жастар арасында кеңінен насихатталып, тізімге сәйкес бос жұмыс орындары ұсынылады. Жәрмеңкеде жастар өз түйіндемелерін ұсынып, жұмыс беруші мекемелермен өзара келісімшарт түзеді. Мамандығы бойынша жұмыс іздеп жүрген жастарға «Қоғамдық жұмыс», «Жастар практикасы» бағдарламалары арқылы жұмыс ұсыналады. Жоғары білімі жоқ жастар да жұмыспен қамтылады. Өзі қалаған курсқа қатысып, білім алып, қолына сертификат табысталады. Сертификат алған соң жас маман өз кәсібін аша алады» — дейді жауаптылар.
Ақпараттық түсіндірме жұмыстарында мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары: «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны» мен жас кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары насихатталды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*