ТАССАЙЛЫҚТАР ТАБИҒИ ГАЗДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРМЕЙДІ

Шымкент қаласына қарасты Тассай елдімекенінде газ тарту жұмыстары 84 пайызға орындалған. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Тассай шағын ауданында жүргізіліп жатқан табиғи газ жүйесінің құрылысымен танысты.

Құрылыс жұмыстарын бақылаған қала басшысы мердігерге жұмысты жандандыру ғана емес, сапалы жүргізуді міндеттеді. Себебі, газ мәселесінде мердігерлердің жауапсыздығынан түрлі жағдайлар орын алып жатқан жайттар бар. Сол олқылықтар орындалмас үшін қала әкімі сапаға бірінші кезекте мән беру қажеттілігін айтты. Егер талаптары орындалмаса, тиісті мамандарға мердігерді жауапқа тартуды ескертті. Өйткені жергілікті тұрғындар орындаушылардың жауапсыздығынан зиян шекпеу керектігін баса айтты. Сондай-ақ көгілдір отынның берілу мерзімі жайында халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Тассай шағын ауданындағы табиғи газ жүйесін тарту жұмыстары 2021 жылдың соңында басталды. Бүгінге дейін мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС жұмыс көлемінің 84 пайызын орындаған.

«Газдандыру саласында жаңа АГРС салу арқылы, газ қуаттылығы тәулігіне 430 мың метр кубқа жетіп, 2030 жылға дейінгі табиғи газ мәселесі шешімін тауып отыр. 2022 жылдың қорытындысымен ауыз сумен қамту деңгейі 98 пайызға, электрмен қамту 98 пайызға, табиғи газбен қамту 94 пайызға жеткен», – деді қала әкімі.
Одан бөлек шахар басшысы жыл соңына дейін елді мекендерді ауыз су, сапалы электр жүйелерімен қамту мәселесі және 2025 жылы табиғи газбен қамту түйіткілі толығымен шешу жоспарланғанын жеткізді.  

Газ тарату жүйесінің қуаттылығы – 12.5 м3/сағ, ал ұзындығы 68,8 шақырымды құрайды. Нысан келесі жылдың 1-тоқсанында пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, 3 345 абонент көгілдір отынмен қамтылады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*