ҚАУІПТІҢ АЛДЫН АЛУДА ЖҮРГІЗІЛГЕН ШАРАЛАР АЗ ЕМЕС

Бүгінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті үгіт-насихат материалдарын таратумен қатар, нұсқаулар беру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Шымкент қаласы әкімдігінде Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өткізіліп, мүдделі мекемелерге тапсырмалар берілген. Қауіпсіздік мәдениетін арттыру үшін қыркүйек-қараша айларының аралығында жалпы 39560 адамды қамтыған 8053 үй араланып, 2850 адамды қамтыған 73 жиын ұйымдастырылды.

Аталған жиындарды өткізудегі басты мақсат — жазатайым оқиғалардан сақтану, адам өмірі мен оның денсаулығына зияны келмеу үшін алдын ала жасақтану. Бұл жас баладан еңкейген қарттарға дейін түсіндірілуі қажет ақпараттар болып табылады.

Білім беру мекемелерінде 2385 оқушы қамтылған 63 интерактивті сабақ өткізілді. 112 номері арқылы қала тұрғындарының ұялы телефондарына улы газдан уланудың алдын алу тақырыбында ескерту хабарламалары 18 рет жолданды. 24 цифрлық телеарнада тәулігіне екі рет тақ күндері улы газбен уланудың алдын алу бойынша аудио — роликтер арналарға шығарылды.

Ал мектеп оқушыларына қауіптің алдын алуды жиі түсіндіріп отырған жөн. Жер сілкіну, өрт немесе газдан қауіп түскен жағдайда қобалжып қалмас үшін алдын ала психологиялық және физикалық дайын болу маңызды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында 292 үгіт-насихат жұмыстары жарыяланды (оның ішінде 59 газет басылымы, 51 сұхбат беру, 182 радиода сөз сөйлеу).
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметіне сәйкес 2005 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы есепке алынды. Бүгінгі күні профилактикалық іс-шаралар барысында 8374 адамнан тұратын барлық әлеуметтік осал отбасылар түсіндіру жұмыстарымен толық қамтылды. Улы газдан уланудың алдын алу мақсатында аталған азаматтардың үйлеріне 80 газдабылқаққыштар орнатылды.

Департамент тарапынан жылыту маусымының өту кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және улы газдың алдын алу жүйесін жетілдіруге, халықты және экономика объектілерін өртке қарсы қорғау деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру жұмыстары алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Бүгінгі таңда жан-жағымызда болып жатқан түрлі оқиғалар адамға еріксіз ой салады. «Сақтансаң — сақтайды» — деген сөз бар. Алдын ала сақтық шараларын білгенде адамдарда стресс болмауы үшін қаланың Төтенше жағдайлар департаменті білек сына жұмыс істеуде.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*