Әл-Фараби ауданы қаламыздың орталық ауданы болғандықтан, тұрғындарды ауыз су және электр қуатымен қамту көрсеткіші 100% құрап отырса, көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 99,9%-ды құрап отыр. Қазіргі таңда, «Сәуле» ш/а 276-орамда «Ремстрой» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан табиғи газ магистралды желісінің құрылыс жұмыстары аяқталды. Қараша айының соңында абоненттеу жұмыстары толығымен аяқталып, аудан тұрғындарын табиғи газбен қамту көрсеткіші 100%-ға жететін болады»,- деді Рашид Мамытұлы.
Шымкент қаласы Сәуле шағынауданындағы 276-орамда газдандыру құрылысы аяқталуға жақын. мамандар елдімекенді аралап, табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарының барысын қадағалады. Мердігерлер аталған орамға 28 шақырымдық газ құбырын тартуда. Қазіргі таңда атқарылған жұмыстың көлемі 98% құрайды. Алдағы күндері «ҚазТрансГаз» мекемесі техникалық шарттары дайын тұрғын үйлерді абоненттеу жұмыстарын бастайды. Өндірістік кестеге сай газдандыру жұмыстары ағымдағы жылы тамыз айында аяқталады. Нәтижесінде 1263 абонент көгілдір газбен қамтылады.
Қала басшылығы жауаптыларға құрылысты мерзімінде аяқтап, тұрғын үйлерді табиғи газға қосу жұмыстарын тездетуді тапсырды.
Жалпы, қала елдімекендерін табиғи газбен қамту бойынша жасалған кешенді жоба аясында биыл Тассай, Тұран 3 кезек, Асар-2, Сауле, Солтүстік саяжай, Бозарық 74 га елдімекендерін газдандыру жоспарланған. Алдағы жылы Ынтымақ-2 елдімекеніне газ құбырын тарту жұмыстары аяқталады. Жоспарға сәйкес 2023 жылы көгілдір газбен қамту көрсеткішін 94%-дан 96%-ға жеткізу көзделуде.
Пікір қалдыру