ШЫМКЕНТТЕ ЖЕНІЛ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНДА ӨСІМ БАР

Шымкент экономикасына елеулі үлес қосып келе жатқан жеңіл өнеркәсіп өнімі. Бұл республикада жеңіл өнеркәсібінің дамуындағы үшінші мегаполистің үлесі 23.5 пайызды құрап отыр деген сөз. Шымкентте бұл сектордың дамуына «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы ерекше әсерін тигізіп отыр. Биыл бірінші жартыжылдықта Шымкентте өндірілген жеңілөнеркәсіп өнімдерінің 79,1 пайызы осы аймақтың үлесіне тиесілі. Осының өзі мұның еліміздегі ең тиімді арнайы экономикалық аймақтың біріне айналғанын көрсетеді.

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтағы кілем және кілем бұйымдары мен полипропиленді жіп өндіруші «Бал Текстиль» ЖШС және шұлық шығаратын «Әлем-БТ» ЖШС фабрикалары жұмыс істеп тұр. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында әзірге 31 кәсіпорын ашылған. Соның бірі ретінде 2013 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан «Бал-текстиль» компаниясының кілем фабрикасын айтуға болады. Аталған серіктестік кілем фарбрикасына қоса, 2015 жылы синтетикалық иірім жіп өндірісін де жолға қойды. Бүгінде компанияда 232 адам еңбек етіп, жылына 7 миллион шаршы метр кілем мен 4 мың тонна синтетикалық иірім жіп өндіреді.
Елімізде халықаралық деңгейдегі тұңғыш кілем тоқыма фабрикасы «Бал Текстиль» ЖШС-тың жалпы жоба құны 11,263 млрд теңгені құрайды.
Ашылған уақыттан бүгінге дейін 44,2 млрд теңге сомасында тауар өндірді. Ал ішкі нарықта кеңінен танымал шұлық шығаратын «Әлем-БТ» ЖШС кәсіпорнының инвестиция көлемі – 1,8 млрд теңге. Қазіргі уақытта өнім көлемі 6,68 млрд теңгеге жеткен.
Қазақстандағы жалғыз шұлық фабрикасы да осы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында орналасқан. Оны «Әлем БТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ашқан. Аталған фабриканы ашу үшін компания 1 милиард 800 миллион теңге инвестиция құйған. Бұл фабрикада бүгінде 150 адам талмай еңбек етіп, жоғары технологиялы өндірістік жабдықтар мен толық автоматтандырылған өндірістік циклдың арқасында жылына 16 миллион жұп шұлық тоқып, сатып жатыр.
Компания бүгінде қолданыстағы өндіріспен қатар синтетика аралас иірілген жіп шығаратын цех салуды қолға алған. Жаңа өндірістік желіні іске қосу өндіріс көлемін ұлғайтуға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*