Сот тәртібінде қаралатын даулардың санын қысқартып, оларды шешудің баламалы тәсілін қолдану, оның ішінде бітімгершілік рәсімдері ретінде медиация әдісін қолдану – адам құқықтарының әділ сақталуының кепілі деуге болады.
Медиация дегеніміз – дауласушы тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі.
Ал, медиацияның мақсаттары – дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу. Сотқа жүгінуші азаматтардың дауласушылық деңгейін төмендету болып табылады.
«Медициналық қызмет көрсету» саласы қанағаттанбаудың ең жоғары деңгейіне ие, осы саладағы жағдайды ескере отырып, тұтынушы мемлекеттік клиникалардағы ғана емес, сонымен қатар ақылы негізде қызмет көрсететін жеке клиникалардағы жедел жәрдем қызметіне қанағаттанбайтындығын атап өтуге болады.
Пікір қалдыру