МЕДИАЦИЯНЫ ҚАЛАЙ ДАМЫТАМЫЗ?

Шымкент қалалық Достық үйінде «Қазақстан Республикасында медиацияны дамыту» республикалық жобасына сәйкес еліміз бойынша қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бағытындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде өңірлік семинар-кеңес өткізілді.
Жиын барысында «Халықаралық келіссөздер академиясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы, тренер-медиатор Сабыржан Калмухамбетов, «Қазақстан Республикасында медиацияны дамыту» және ҚР сыртқы істер министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жұмысын үйлестіруші Арслан Карханов.
«Медиация -тұтынушылардың құқықтарын қорғаудағы маңызды кезең» тақырыптарында баяндамалар жасады. Жарыссөздерге кезек беріліп, өзара пікір алмасылды.
Жалпы медиацияның қандай қызмет үшін қажет екендігіне тоқталайық.

Сот тәртібінде қаралатын даулардың санын қысқартып, оларды шешудің баламалы тәсілін қолдану, оның ішінде бітімгершілік рәсімдері ретінде медиация әдісін қолдану – адам құқықтарының әділ сақталуының кепілі деуге болады.

Медиация дегеніміз – дауласушы тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың  жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды  реттеу рәсімі.

Ал, медиацияның мақсаттары – дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу. Сотқа жүгінуші азаматтардың дауласушылық деңгейін төмендету болып табылады.

«Медициналық қызмет көрсету» саласы қанағаттанбаудың ең жоғары деңгейіне ие, осы саладағы жағдайды ескере отырып, тұтынушы  мемлекеттік клиникалардағы ғана емес, сонымен қатар ақылы негізде қызмет көрсететін жеке клиникалардағы жедел жәрдем қызметіне қанағаттанбайтындығын атап өтуге болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*