«ҰЛТТЫҚ ҚОР — БАЛАЛАРҒА» ЖОБАСЫ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

Ұлттық қор – балаларға, Отбасының цифрлық картасы және жастарды жұмысқа орналастыру – Президенттің Сайлауалды бағдарламасы қалай жүзеге асып жатыр
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын ұсынғанына бір жыл өтті. Онда Мемлекет басшысы жаңа тарихи кезеңдегі республиканың негізгі даму бағыттарын белгілеп берді.
Primeminister.kz редакциясы Президенттің Сайлауалды тұғырнамасын іске асырудың бірінші жылында қол жеткізілген нақты нәтижелер туралы материалдар топтамасын ұсынады.
Бірінші материалда әлеуметтік саланы одан әрі дамыту жөніндегі міндеттерді орындау туралы айтылады.
Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында Балалар жылы аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарлама іске қосылатынын айтқан болатын. Осы ретте ол жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ын балалардың жеке шотына аударып отыруды ұсынды.
Ал жыл сайын әр баланың есеп шотына түсетін қаржы көлемі экономикалық жағдайға байланысты өзгеріп отырады. Яғни, Ұлттық қордан балаға аударылатын қаражат инвестициялық пайда мөлшеріне бағдарланады. Сонымен қатар, жиналған ақша бірінші кезеңде баланың жеке шотында емес, ортақ шотта сақталатындықтан, ол қаражат белгілі бір мүддеге жұмсалады. Осылайша, жыл бойы шотта бір сома ғана жатпайды. Қаражат жұмсалған қайнар көздерден оған түсім түсіп отырады.
Бала 18 жасқа толғаннан кейін егер ол Қордан алған үлесін жұмсамаса, 10 жыл бойы сақталады. Әрі қарай сол адамның зейнетақы шотына аударылады. Дегенмен, бұл бала 18 жасқа тола салысымен жинақталған қаржыны пайдалануы керек деген сөз емес. Тек 10 жылға дейін пайдаланбаған жағдайда әрі қарай зейнетақыға байланысты нормативтік-құқтық актілер бойынша реттеледі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*