ЕЛІМІЗДІҢ КӘСІПКЕР ӘЙЕЛДЕРІ БАС ҚОСТЫ

Астанада Қазақстан ауыл әйелдерінің VI республикалық форумы өтті. Іс-шара еліміздің барлық өңірінен 200-ден астам кәсіпкер әйелдердің басын біріктірді.
Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков атап өткендей, бүгінде мемлекет бизнесті, оның ішінде әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мақсатында ауқымды мемлекеттік қолдау шараларын қабылдап жатыр. Кәсіпкер әйелдерді қолдау үшін қаржылық және қаржылық емес шаралар ұсынылады. Айта кетейік, екі жыл ішінде 638 млрд теңгеге кәсіпкер әйелдердің 17 мыңға жуық жобасы субсидияланды

«Гендерлік теңдік – Қазақ­станның әлеуметтік қана емес, экономикалық өмірінде де өзекті үрдіс. Әйелдердің экономикаға белсенді араласуы елдің дұрыс даму жолында келе жатқанын, әр адамға тең мүмкіндік бері­летінін көрсетеді. Қазіргі кезде Қазақстанның шағын және орта бизнесіндегі әйелдер кәсіп­керлігінің үлесі 43 пайызды құрайды» делінген банк хабарламасында.

Статистика бойынша, қазақ­стандық әйелдер несие төлемін кешіктірмеу бойынша да өте мұқият. Елімізде керісінше, ер­лер қауымы несие төлеміне жауап­сыз қарайтын көрінеді. Қазір­гі уақытта Еуропалық қайта құру және даму банкі әйелдер биз­несін өрістету мақсатында микро­қаржы ұйымдары мен жергілікті банктерге мақсатты несие беріп отыр.

2020 жылғы деректер бойынша Қазақстанда әйелдер басқаратын кәсіпорындардың үлесі – 28,3%. Олардың басым бөлігін осы сектордағы жұмыс орындарының 31,4%-ын және елдің ЖІӨ-нің шамамен 14,6%-ын қамтамасыз ететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері құрайды.

Кәсіпкерлік саласындағы әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту гендерлік теңдікке қол жеткізуде, әйелдер арасындағы кедейлікпен күресте және әйелдер жұмыссыздығы проблемасын шешуде маңызды мәнге ие болады. Қазақстан бұл бағытта белсенді саясат жүргізуде.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*