«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы мен Отбасы банкі қазақстандық жастар үшін тұрғын үй несиесінің қолайлы шарттарын және тұрғын үй жағдайларын жақсарту қажеттілігін айқындау бойынша бірлесіп зерттеу жүргізген болатын.
Зерттеу негізінде бірыңғай жастар тұрғын үй бағдарламасының арнайы жобасы әзірленеді. Бұған дейінгі жүргізілген сауалнама кезінде «Жастар өздерін сенімді сезініп, дамуға қабілетті болу үшін не қажет?» деген сұраққа респонденттердің 40,9 пайызы «Өз баспанасы» деп жауап берген. Мемлекеттің жастарды әрдайым қолдап келеді. Осыған дейін қаламызда жұмыс істейтін жастар үшін арнайы бағдарламаға өтінім қабылданған болатын. Енді қайта қолықтыру кезеңіне келді.
- 35 жасқа толмаған, орта және жоғары білімі бар жұмыс істейтін ҚР азаматтары;
- сол елді мекенде кемінде соңғы үш жыл тұрақты тіркелген;
- отбасы мүшелері осы елді мекенде тұрақты тіркелген;
- ҚР аумағында, авариялық жағдайдағы, құлау (қирау) қаупі бар тұрғын үйлерді қоспағанда, өтініш берушінің, жұбайының (зайыбының), кәмелетке толмаған балаларының меншік құқығында өтініш бергенге дейін соңғы бес жыл ішінде тұрғын үйдің болмауын растау.
Пікір қалдыру