Қаратау ауданындағы елдімекендер 96 %-ға табиғи газбен қамтылатын болады. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте аудан әкімі Рахымберді Жанысбекұлы айтты.
Елді мекендерді табиғи газбен қамту бойынша бүгінде Тұран ш/а құрылыс жұмыстары аяқталып абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Ал Тассай т/а, Нұртас ш/а құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталатын болады. Бүгінде ауданда табиғи газбен қамту көрсеткіші — 96% құрайды. 2025 жылға дейін елді мекендерді табиғи газбен қамту көрсеткішін 100% жеткізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, Халық қатысатын бюджет шеңберінде 2023 жылы 92 жобаны жүзеге асыру жопарланған. Бүгінде 92 жобадан 62 жобаға мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, 52 жобаның құрылыс жұмысы аяқталды.
Сондай-ақ, жыл соңына дейін аталған ауданда 100 пайыз ауыз сумен қамтылатын болады. «2023 жылы Сайрам және Қызылсу елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары атқарылуда. Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстарының аяқталуына орай, аудан аумағындағы барлық елді мекендер сапалы ауыз сумен 100% қамтылатын болады», — деді Р.Мүлкеманов.
Сонымен қатар, 2023 жылы Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аумағын (1200 абонент) электр жарығымен қамту жұмыстары атқарылатын болады. Одан бөлек, ОЖТ тарапынан инвест бағдарлама аясында Тассай, Таскен, Қайтпас және Сайрам елді мекендерінде электр желілерімен трансформаторлар алмастырылуда.
Қаратау ауданына көбіне жаңадан қосылған елдімекендер жататын болғандықтан, инфрақұрылым мәселесі бар екені белгілі. Бүгінде табиги газ бен қоса су, жарық мәселелері кезекпен шешімін тауып келеді.
Ауданымызда өткен сенбілік шарасы үлкен бірлік пен ауызбіршіліктің үлгісіне айналды. Оған дәлел кешегі өткен кең ауқымды сенбілікке барлық нысандардың қызметкерлері бір ауыздан белсенділік танытты. Табиғатты қорғау мен тазалыққа арналған бұл шараға ауданның әртүрлі салаларының өкілдері […]
Шымкент қаласына қарасты Тассай елдімекенінде газ тарту жұмыстары 84 пайызға орындалған. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Тассай шағын ауданында жүргізіліп жатқан табиғи газ жүйесінің құрылысымен танысты. Құрылыс жұмыстарын […]
«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. «Таза Қазақстан» шарасы Шымкент қаласы Қаратау ауданында жалғасын тапты. «Amanat» партиясы қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткен шараға «Жастар рухы», Ардагерлер кеңесі […]
Пікір қалдыру