«Таза Қазақстан» республикалық апталық акциясы аясында Қаратау ауданына қарасты Нұртас шағынауданында тазалық жұмыстары жүргізілді. Акцияға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаев, қалалық фракция жетекшісі Қайрат Имашев, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мәслихат депуттары қатысты. Сондай-ақ партия қызметкерлері, қалалық «Жастар Рухы» ЖҚ белсенділері, «Jasyl el» еңбек жасағы және бастауыш партия ұйымдары белсенділік танытты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Шын мәнінде, елімізді көгалдандыру, абаттандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бір реттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Туған жерімізді таза ұстауымыз керек. Бұл – жалпыұлттық мәселе. Қазақстанымыз таза болуы қажет» деп өз қатысуымен экологиялық акцияға бастау берген болатын.
Сондай ақ, қалалық филиал Атқарушы хатшысы Мұрат Жаңабайұлы «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына атсалысқан барша қатысушыларға алғысын білдіріп, партия осы науқанды өткізу арқылы қоғамда экологиялық сана мен мәдениетті тәрбиелеуді маңызды міндеті екенін атап өтіп, және барша тұрғындарды игі істі қолдауға шақырды.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен экологиялық сана мен қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Табиғатты қорғау — адамзаттың борышы» атты сенбілік өтті. Сенбілік Түркістан қаласының […]
«AMANAT» партиясы еліміздің барлық өңірінде «Таза бейсенбі» акциясын жалғастыруда. Іс-шара Президенттің «Таза Қазақстан» атты жалпыұлттық бастамасы аясында өткізіліп, елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған. “Amanat” партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен кезекті “Таза бейсенбі” шарасы өтті. Тазалық […]
«AMANAT» партиясы еліміздің барлық өңірінде «Таза бейсенбі» акциясын жалғастыруда. Іс-шара Президенттің «Таза Қазақстан» атты жалпыұлттық бастамасы аясында өткізіліп, елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған. Абай саябағында «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен кезекті «Таза бейсенбі» акциясы өтті. Акцияға қалалық […]
Пікір қалдыру