Мемлекет басшысының “Таза QAZAQSTAN” жалпыұлттық науқаны бастамасын қолдау мақсатында республиканың барлық өңірінде 6 маусымнан бастап «AMANAT» партиясының “Таза бейсенбі” акциясы бастау алып, бүгінде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Осы кезеңге дейін Акцияға жалпы саны 800-ге жуық азамат үлесін қосып, 4 тонна қоқыс шығарылды.
Бүгінгі экоакция Әл-Фараби ауданына қарасты Қошқар ата өзенінің бойында өтті. 300-ге жуық партияластар, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, депутаттар, Жастар Рухы, «Jasyl el» еңбек жасағы және бастауыш партия ұйымдарының өкілдері тазалық жұмыстарын жүргізді. 1 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылып, 50 гектар жер тазаланды және жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмес үшін қатты өскен ағаш бұталары кесілді. Ә.Жангелдин көшесінен бастап Д.Қонаев гүлзарына апаратын өзенді бойлай салынған жол тазаланды.
— Үнемі тазалық пен тәртіпті сақтау, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды күнделікті өмірдің маңызды бөлігіне айналдыру қажет. Сонда ғана бұл акция экологиялық ойлауды, халықтың экомәдениеті мен мінез-құлқын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға саналы көзқараспен қарау- баршамызға міндет, — деді Б.Садықов.
Айта кетейік, “Таза бейсенбі” экологиялық акциясы аясында барлық өңірлерде алдын ала елді мекендердің ластанған аумақтарының карталары жасалды. Әр бейсенбіде партияластар, белсенділер, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері осы аумақтарды қоқыстардан тазартуға шығады. Кейіннен әрбір ластанған учаскеге партияның бастауыш партия ұйымдары мен аудандық филиалдары бекітілетін болады, олар ай сайын дәл сол аймақта тәртіп пен тазалықты сақтауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ урналарды орнату, көгалдандыру, жолдар мен тротуарларды жөндеу сияқты инфрақұрылымды абаттандыру мен дамытуға байланысты мәселелерді шешеді.
Шымкентте экологиялық шара “Киелі мекен” тақырыбы аясында өтіп жатыр. Акция барысында үшінші мегаполистегі тарихи орындар тазартылды. Шараға қаладағы 5 ауданға қарасты коммуналдық мекеме қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығының белсенділері атсалысты. Олар Қаратау ауданына қарасты Сайрам […]
В последний день осени в районе Туран города Шымкента была организована очередная субботник в рамках акции «Таза Казахстан». Это важное мероприятие собрало сотрудников государственных учреждений, молодежные организации, волонтеров и жителей города, которые активно приняли участие […]
2024 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында еліміздің экологиялық ахуалын жақсарту үшін қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының маңыздылығын ерекше атап өтті. Бұл акцияның мақсаты — халықтың экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатқа деген жауапкершілікті […]
Пікір қалдыру