Шымкентте экологиялық шара “Киелі мекен” тақырыбы аясында өтіп жатыр. Акция барысында үшінші мегаполистегі тарихи орындар тазартылды.
Шараға қаладағы 5 ауданға қарасты коммуналдық мекеме қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығының белсенділері атсалысты. Олар Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабындағы Қарашаш ана кесенесі мен Еңбекші ауданында орналасқан «Т.Рысқұлов» гүлзарын қоқыстан тазартып, ағаштарды ақтады.
Сонымен қатар, Әл-Фараби ауданында орналасқан «Д.Қонаев» және «Ә.Молдағұлова» ескерткіштері аумағында, Абай ауданына қарасты «Темірші әулие» кесенесі мен Тұран ауданындағы Тілеу Айтұлы батыр ескерткішінің айналасындағы шөптерді орып, ағаштарды ретке келтірді. Орындықтарды сырлап, ирригациялық жүйелер мен аумақты тазалау жұмыстарын жүргізді.
-Тазалық – бұл тек экологиялық мәселе ғана емес, рухани тәрбиенің бір көрінісі. Әрбір азамат қоршаған ортаны таза ұстауға міндетті. Біздің акцияларымыз арқылы жастарға дұрыс үлгі көрсетіп, экологиялық мәдениетті қалыптастырамыз- дейді акцияға қатысушы қала тұрғыны.
Одан бөлек қазіргі уақытта қала аумағында орналасқан саябақ, сквер мен өлкетану мұражайларының аумағы абаттандырылды.
Қала тазалығын сақтау – барлық мегаполис тұрғынының парызы. Барша азаматтарды қоршаған ортаны ластауға жол бермей, экологиямызды таза ұстау үшін республикалық акцияға белсенді қатысуға шақырамыз.
Айта кетейік, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Таза Қазақстан»жалпыұлттық экологиялық акциясының ерекше маңыздылығын атап өткен болатын. Оның айтуынша, бұл бастама қазақстандықтарды біріктіріп, оларды туған табиғатқа қамқорлық жасау идеясының төңірегінде біріктіре алды.
2025 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бастамасымен “Заң мен тәртіп” жылы жарияланып, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға басымдық берілді. Бастаманың басты бағыттарының бірі – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Қоғамдағы тұрақтылықтың негізі – отбасы. […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған бүгінгі Жолдауы ел тағдырына тың серпін беретін, айқын мақсаттар мен нақты міндеттерге толы тарихи құжат болды. Әсіресе, жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстанның орны туралы айтылған ойлар мені ерекше тебірентті. […]
Шымкент қаласының Орталық саябағында полиция департаментінің бастамасымен және қала әкімдігінің қолдауымен түсірілген «BalaZan – балалық шақтан заң жолымен» атты анимациялық фильмнің алғашқы бөлімі көпшілік назарына ұсынылды. Ашық аспан астында өткен әсерлі шарада үлкен LED-экран орнатылып, […]
Пікір қалдыру