«AMANAT» партиясы еліміздің барлық өңірінде «Таза бейсенбі» акциясын жалғастыруда. Іс-шара Президенттің «Таза Қазақстан» атты жалпыұлттық бастамасы аясында өткізіліп, елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.
“Amanat” партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен кезекті “Таза бейсенбі” шарасы өтті. Тазалық акциясына партияның қалалық, аудандық филиалдары, Жастар ресурстық орталығы және бірқатар қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен құралған 100-ден астам адам қатысты.
Бұл жолы акция қатысушылары “Шымсити” мөлтек ауданының аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Ондағы көшелер күл-қоқыстан тазартылып, бейберекет өскен шөптер мен қураған ағаштар жиналды.
Аталған шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған “Таза Қазақстан” жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Экологиялық жиын маусым айынан бері әр бейсенбіде тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінге дейін жалпы қала аумағынан 15 тоннадан астам қоқыс шығарылған. Тазалық жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табады.
Сондай-ақ Шымкент қаласының белсенділері Shymcity ықшам ауданының 3 шақырым аумағын қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Акцияға 60 адам қатысты, оның ішінде «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының төрағасы Нұрғазы Бухарбай және қалалық мәслихат депутаты Талғат Исқақов болды. Сонымен қатар Түркістан облысының Мақтаарал ауданында Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлының бюст-ескерткіші мен аудан аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға 140-қа жуық адам қатысты.Партия мүшелері мұндай тазарту жұмыстарын әр бейсенбі сайын жүргізеді. Бұл ретте тек қоқыс жинау ғана емес, әр учаскеге мәслихат депутаттары, белсенділер және бастауыш партия ұйымдарының басшылары бекітілген. Олар сол аумақтарда тәртіп пен тазалықты сақтауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ қоқыс жәшіктерін орнату, аумақтарды көгалдандыру, жолдарды жөндеу және т.б. сияқты инфрақұрылымды жақсарту және дамыту мәселелерін шешеді.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында өзен жағалауында санитарлық тазалық шаралар атқарылды. Бұл бағыттағы жұмыстарға Тұран ауданының коммуналдық мекемесінің қызметкерлері мен аудан тұрғындары және «Жасыл ел» еңбекші жастары атсалысты. Кремлевская көшесі мен Абай көшесі аралығындағы өзен бойы […]
Шымкент қаласында тазалықты сақтау және қоқыс тасымалдау мәселесі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі. Қала тұрғындарының күнделікті тұрмыс-тіршілігінде пайда болатын қоқыстарды жинап, тазалықты сақтау үшін арнайы бірнеше компаниялар жұмыс істейді. Олар қала аумағында қоқыс жинау, […]
2024 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында еліміздің экологиялық ахуалын жақсарту үшін қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының маңыздылығын ерекше атап өтті. Бұл акцияның мақсаты — халықтың экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатқа деген жауапкершілікті […]
Пікір қалдыру