«Таза бейсенбі» экологиялық акциясының кезекті шарасы Еңбекші ауданы Жібек жолы бойындағы аулалардың бірінде ұйымдастырылды. Оған “Amanat” партиясы Шымкент қалалық, аудандық филиалдарының қызметкерлері, Жастар рухының, қоғамдық бірлестіктер мен әкімшілік өкілдері және еріктілер атсалысты. Жалпы тазалық акциясына 100-ге жуық адам жұмылдырылды.
Акция аясында көпқабатты тұрғын үй аулаларында бейберекет өскен шөптер орылып, қураған бұтақтар мен қоқыстардан тазартылды. Сондай-ақ, су арналарындағы тұрмыстық қалдықтартар да шығарылды.
Айта кетсек, «Таза бейсенбі» шарасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткізілді. Бұл шара маусым айынан бері әр бейсенбіде ұйымдастырылып келеді. Бүгінге дейін 3 мыңға тарта адам жұмылдырылып, 20 тоннаға жуық қоқыс шығарылған.
«Халқымыз «Бұлақ көрсең көзін аш» деген нақылды босқа айтпаған ғой. Қошқар ата – суы мөлдір, таза әрі шипалы өзен. Өзеннің бастау алатын тұсына барып көрсеңіз оның суы қаншалықты таза екеніне көз жеткізесіз. Бұл – Табиғат-Анамыздың бізге берген үлкен сыйы. Егер өзеннің жағалауы мен сағасын үнемі таза ұстай білсек, өзен сулар бүкіл қаламыздан осындай тап-таза, мөп-мөлдір қалпында ағып өтер еді. Бұл қаладағы экологиялық ахуалға оң әсер етеді», — дейді аудан тұрғындары. Сондай-ақ қала тұрғындарын қоршаған ортаға жанашырлықпен қаруға шақырды.
В Шымкенте прошёл совместный рейд по борьбе с незаконным оборотом рыбных ресурсов. Мероприятие было организовано прокуратурой города при участии инспекторов отдела рыбной инспекции по Туркестанской области, а также сотрудников природоохранной полиции Ал-Фарабийского и Каратауского районных […]
Елімізде қыркүйектің үшінші жексенбісі — «Еңбек күні» мерекесі . Мақсат – Мемлекет басшысының жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру жөніндегі идеясын жүзеге асыру, өнімді еңбекті ынталандыру. Бүгін Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастырыуымен «Еңбек күні» […]
Шымкент қаласында биылғы жазғы маусымда балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне ерекше назар аударылды. Мектеп жанындағы лагерьлерді қоса алғанда, жалпы 275 жазғы сауықтыру орындары жұмыс істеді. Әрбір лагерьде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жасөспірімдер қылмысының алдын алу, […]
Пікір қалдыру