ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ТҰРАН АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Табиғат — бұл бізді қоршаған орта. Қоршап тұрған ортаның  таза да көрікті болуы әрқайсымызға тығыз байланысты. Табиғатта өте тамаша бір қасиет бар. Оның өзі бөліп шығарған қалдықтардан адамдардың көмегінсіз-ақ өзін-өзі тазартып алады екен, ал  адам баласының бөліп шығарған көң-қоқсығынан ақыл-оймен өмірге келген халық шаруашылығының (ауыл, өнеркәсіп, транспорт, құрылыс) улы, зиянды қалдықтарынан өздігінен тазалануға табиғатта шама жоқ.
Тазалық — баршаға ортақ іс. Туған өлкеміздің тазалығы өзімізге тығыз байланысты.  Сондықтан жыл сайын екі рет аудан әкімінің өкімімен   абаттандыру, көріктендіру және санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі ұйымдастырылады. Оған меншік түріне қарамастан барлық мекеме, бөлім, кәсіпорын ұжымдары жұмылдырылады. Сенбілікте әр ұжым мүшелері өздеріне бекітілген аумақты тазартып, ауданымызда тазалықтың салтанат құруына үлестерін қосуда. Алайда апта сайын өткізіліп жатқан сенбіліктерге қарамастан артынша  қоқыстар пайда болып жатады. Тазалық алдымен осы аудандағы тұрып жатқан баршамызға қажет.
Биыл  “Таза Қазақстан”  республикалық экологиялық акциясы басталғалы бері ауданымызда көптеген жұмыстар атқарылуда. «Таза бейсенбі» шарасы Шымкент қаласы Тұран ауданында жалғасын тапты.«Amanat» партиясы қалалық партиясының мұрындық болуымен өткен шараға Жастар рухы, Ардагерлер кеңесі және бірқатар қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен белсенділер атсалысты. Акцияға жалпы 100-ден астам адам қатысты.

«Таза бейсенбі» экологиялық шарасы аясында Гагарин көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары қоқыстан тазартылды. Аулалардағы бейберекет өскен шөптер орылып, қураған бұтақтар мен өзге де күл-қоқыстар жойылды. Сондай-ақ, үйлердің алдында орналасқан орындықтар сырланып, жаңаланды.
«Таза бейсенбі» шарасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды. Аталған шара маусым айынан бері әр бейсенбі сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінге дейін 20 тоннаға жуық қоқыс қала аумағынан шығарылған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*