«AMANAT» партиясы еліміздің барлық өңірінде «Таза бейсенбі» акциясын жалғастыруда. Іс-шара Президенттің «Таза Қазақстан» атты жалпыұлттық бастамасы аясында өткізіліп, елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.
«AMANAT» партиясының мыңдаған белсендісі мен мүшесі «Таза бейсенбі» акциясы аясында әр бейсенбі сайын аумақтарды қоқыстан тазартып келеді. Бүгінге дейін ел бойынша 6,5 мың тонна қоқыс жиналып, акцияға 48 мың адам қатысты. Белсенділер 1004 учаске мен 100-ден астам өзен, көл, су айдыны мен қоймасын қоқыстан тазартты.
Кезекті бейсенбіде аманаттықтар әдеттегідей игі істі жалғастырып, өз жауапкершіліктеріне алған учаскелерде тазалық жұмыстарын жүргізді.
Шапағат шағын ауданы аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Аталған шараға «Amanat» партиясының Шымкент қалалық және аудандық филиалдарының қызметкерлері, жастар мен еріктілер белсенді түрде атсалысты.
Олар көшедегі күл-қоқыстарды жинап, аулаларды шөптерден тазартты. Жол жағасындағы ағаштар мен көгалдарды суғарды.
Сондай-ақ, тазалық акциясына қатысқан белсенділер азаматтарды қоршаған ортаны таза ұстауға шақырды. Айта кетсек, бұл акция маусым айынан бастап әр бейсенбі сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Күзгі екі айлық барысында Шымкент қаласының тазалығы бойынша тыңғылықты жұмыстар жүргізілуде. Соның бір көрінісі арнайы жұмыс тобының құрылуы болып табылады. Қала тұрғындары тек осы екі айда ғана емес, барлық уақытта өздерінің тұрғылықты жерін таза ұстаса, табиғатқа қосқан үлесі болар еді.
Тазалық – адамның рухани, мәдени жетілу деңгейінің, кісілігі мен тәрбиесінің көзге көрінетін маңызды көрсеткіші. Тазалық – адамның денсаулығы, өң-түсінің сүйкімділігі, өмір жасының ұзақтығы, тұла бойының сәнділігі, өз қадыр-қасиетін бағалауы, айналасына тартымдылығы деген сөз. Халқымыздың «Сен баланы тазалыққа, әдептілікке тәрбиелеймін деп әуре болма, бала бәрібір саған ұқсайтын болады. Сен одан да өзіңді тәрбиеле. Ұл-қызың саған қарап өседі, бой түзейді» деген асыл сөзі бар. Расында бала ол міндетті түрде ата-анаға қарап, еліктеп өседі. Әрбір ата-ана ұл-қыздарының өздеріне қарап тәрбие алатынын естен шығармағаны жөн. Кез келген адам тазалықты өз бойынан көрініс табатындай етсе, өзін таза ұстай білсе, өзге адамдарға да сол тазалығын көрсете алатыны сөзсіз.
Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау, табиғатты таза ұстау, оның көрініс беруіне үлес қосу әрбір азаматтың борышы десек те болады. Қазақ халқы бірінші байлық денсаулық деп денсаулықты күтуге қатты көңіл бөлгені белгілі. Міне, сол денсаулықтың мықты болуы да тазалыққа қатысты екенін «тазалық – денсаулық кепілі» деген бір ауыз сөзбен көрсеткен. Деннің саулығы әр адам үшін қалай маңызды болса, тазалық та дәл сондай маңыздылыққа ие болу керек.
Шымкентте республикалық акцияның “Өнегелі ұрпақ” апталығы аясында тазалық шаралары жүргізілді. Акцияға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Үлкен де, кіші де, қайраткер де барлығы тазалық акциясына белсінді қатысуда. Тазалық жұмысы тек тазалықпен шетелмей, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, […]
Халықтық штаб өкілдері Қызылорда облысында бірнеше ұжымдармен кездесулер өткізді. Олар тұрғындармен атом энергертикасының тиімділігі турасында пікірлесті Халықтық штаб өкілдері Қызылорда облысында бірнеше ұжымдармен кездесулер өткізді Фото: Қызылорда облыстық «AMANAТ» партиясының филиалы Халықтық штаб мүшелері «Достық […]
«Таза Қазақстан» республикалық апталық акциясы аясында Абай ауданына қарасты Асар мөлтек ауданында тазалық жұмыстары жүргізілді. Акцияға “AMANAT” партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов, қалалық филиал Атқарушы хатшының м.а. Бекайдар Тулегенов, зиялы қауым […]
Пікір қалдыру