«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.
«Таза Қазақстан» шарасы Шымкент қаласы Қаратау ауданында жалғасын тапты. «Amanat» партиясы қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткен шараға «Жастар рухы», Ардагерлер кеңесі және бірқатар қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен белсенділер атсалысты. Акцияға жалпы 100-ден астам адам қатысты.
«Таза Қазақстан» экологиялық шарасы аясында Нұртас мөлтекауданы қоқыстан тазартылды. Ондағы бейберекет өскен шөптер орылып, қураған бұтақтар мен өзге де күл-қоқыстар жойылды.
«Таза бейсенбі» шарасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды. Аталған шара маусым айынан бері әр бейсенбі сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінге дейін 20 тоннадан астам қоқыс қала аумағынан шығарылған.
Қоңыр күз келгенде жылғалар бітеліп, айнала ластанатыны белгілі. Табиғаттың тынысын ашу мақсатында жол жиектері, арықтар күл-қоқыстардан тазалануда. Сондай-ақ, аудандағы барлық мектептер мен балабақшалардың, яғни барлық әлеуметтік нысандарында тазарту жұмыстары жүргізілді.
Алдағы уақытта ауданды тазалығын сақтау мақсатында жұмыстар жүйелі жоспарға сәйкес жалғасатын болады.
Айнала тазалығына алаңдайтын ағайын игі іске біркісідей жұмыла білді. Әлі де сол үрдістің төңірегінде күл-қоқыстан арылу үшін қолға күрек-тырма алғандарды көріп, іштей сүйсінесің.
Барлық мөлтек аудандардағы сектор жетекшілеріне тазалық жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізуді міндеттелді. Ендігі жерде жан-жаққа тал егіп, көгалдандыруға да айрықша басымдық берілуде. Қазақта «бір тал кессең, он тал ек» деген тәмсіл бар. Соның негізінде ел болып жұмыла көктемгі көшет егу жұмысына өз үлесімізді қоссақ, нұр үстіне нұр болмақ. Ендігі жерде бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ортақ іске белсене атсалысайық. Себебі сенбілік ат төбеліндей адамдармен ғана емес, көппен бітетін жұмыс.
Шымкент қаласының полицейлері түзеу мекемелері әкімшілігінің өкілдерімен бірлесіп, қамаудағыларға арналған сәлемдемелер мен жеке жеткізілімдерді тексеру бойынша кезекті арнайы рейд өткізді. Іс-шара ҚР Ішкі істер министрлігінің тапсырмасы аясында ұйымдастырылып, есірткі қылмысының алдын алу және заңсыз айналымға […]
Шымкентте ақша бар, жұмыс істейтін адам жоқ. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының Саяси Бюросының отырысында Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов айтты. «Мемлекет басшысының қолдауымен «Жұмыспен қамтудың жол картасы» асында 1 триллион теңге бөлінді. […]
Мемлекет басшысы Қасым‑Жомарт Тоқаевтың Қазақстан экономикасын әртараптандыру және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласын дамыту жөніндегі басымдықтарына сәйкес, PepsiCo компаниясының еліміздегі инвестициялық жобасы ерекше мәнге ие болуда. Бұл жоба снэк өнімдерін шығаратын зауыт салуға бағытталған және […]
Пікір қалдыру