Шымкент қаласы аумағында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өзендер мен көлдердің жағалауларын тазалау, ретке келтіру іс-шаралары жалғасуда. Қала жастары Әл-Фараби ауданы аумағындағы Бадам өзенінің бойында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараға еріктілер және ҮЕҰ өкілдері, жалпы 40-қа жуық белсенді жас қатысты. Жастар өзен бойын қалпына келтіріп, қалдықтар мен қоқыстарды тазалау жұмыстарын атқарды.
Жалпы, аудан аумағындағы тазалық шараларына 180 адам, 10 техника жұмылдырылған. Бұл бағыттағы шаралар күнделікті кестеге сәйкес көпқабатты тұрғын үйлер мен елдімекендерде қарқынды жүргізілуде.
Бадам өзеніне жақын тұратын Айнаш Аденова өзен бойындағы тазалықты көріп дән риза. Тазалықты сақтау — әрбәр азамат үшін міндет болып саналатынын айтады.
«Тазалық – адамның рухани, мәдени жетілу деңгейінің көрсеткіші. Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау, табиғатты таза ұстау — әрбір азаматтың борышы. Қазақ халқы «бірінші байлық – денсаулық» деп тектен тек айтпаған. Міне, сол денсаулықтың мықты болуы тазалыққа қатысты. Деннің саулығы әр адам үшін қалай маңызды болса, тазалық та дәл сондай маңыздылыққа ие болу керек. Иманыңның жартысы болған тазалықты сақтау өзіңнен басталады. Ауладағы қоқыстарды шығару, қоқысты көшеге тастамау — ең алдымен табиғатқа, кейін ауданның көркеюіне қосқан бір үлес. Көшедегі бей-берекет жататын қоқыстар сіз бен біздің денсаулығымызға қаншалықты кері әсерін тигізіп жатқанын көп жағдайда байқай бермейміз. Сондықтан айналамызды тазартып, абаттандырумен айналысайық», — деді ардақты ана.
Табиғатқа қамқорлық жасау мәдениетін қалыптастыру және елдегі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында осы жылдың сәуір айының басында қолға алынған акция алғашында мынадай 5 апталыққа жоспарланған еді:
«Таза өлке» апталығы. Апталық барысында елді мекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды тазартты. 20 сәуірге дейін — «Киелі мекен» апталығы. Бұл апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстарына арналды.
«Жасыл аймақ» апталығы. Оның барысында ағаш көшеттерін отырғызу, көшеттерді әктеу қолға алынды.
«Өнегелі ұрпақ». Ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумақтарын тазалауға және абаттандыруға арналды.
Соңғы апталық — «Мөлдір бұлақ». Бесінші аптада су қоймаларының айналасы, өзен-көлдер қоқыстан тазартылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны бастамасын қолдау мақсатында республиканың барлық өңірінде «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» акциясы 6 маусымнан бастау алып, бүгінде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі экоакция Абай ауданына қарасты А2 тас […]
В последний день осени в районе Туран города Шымкента была организована очередная субботник в рамках акции «Таза Казахстан». Это важное мероприятие собрало сотрудников государственных учреждений, молодежные организации, волонтеров и жителей города, которые активно приняли участие […]
Мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін жастар жағы да қарқынды түрде үлес қосуда. Олар республикалық референдум аясында ұйымдастырылған «Біз өркендеген ел үшін» акциясына қатысты. Олар «Арбат» демалыс аймағында жиналып, белсенділіктерін көрсетті. Қаланың әртүрлі аймақтарында да дәл осындай […]
Пікір қалдыру