Кеңес дәуірінің сәулет өнерінің туындысы болғанына қарамастан, жеке меншікке өтіп кеткен мәдениет ордасы ұзақ жылдар бойы қараусыз қалған. Материалдары талан-тараж болып, ғимарат конструкциясына орасан зақым келтірілген. 2023 жылдың қараша айында коммуналдық меншікке өткеннен кейін сарапшылар сарайдың жай-күйін зерделей келе, нысанды қалпына келтіру мүмкін еместігіне көз жеткізді. Сондықтан 1975 жылы салынған Мәдениет сарайының ғимаратын бұзу туралы шешім қабылданды.
Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері бірігіп, «Фосфоршылар сарайының» ғимаратына қатысты қабылданған шешім бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ескі ғимараттың орнына нысанның тарихи келбеті сақталып, заманауи мәдениет сарайы салынады. Құрылысымен «Сәби» қайырымдылық қоры айналысатын болады. Бұл жұмыстарды күзде бастау жоспарлануда. Қордың тапсырысы бойынша мәдениет сарайының дизайн-жобасы әзірленді.
Ғимарат көркем ромб пішінде, ою-өрнектермен көмкеріліп, тарихи, заманауи нақыштардың эстетикалық үйлесімімен бой көтереді. Мәдениет сарайында өнер, кәсіп дағдыларына бағытталған үйірмелер іске қосылады.
Қала көркін арттырып, тұрғындарға пайдалы қызмет көрсетітетін орталық аумағы абаттандырылып, сарайдың маңына жасыл желек отырғызылады. Жобада субұрқақтар мен аллеялар, балалар және спорт алаңдары қарастырылған.
«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясы аясында Әл-Фараби ауданы аумағында өткен сенбілік қаланың тазалығын сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға арналған үлкен шара болды. Бұл іс-шараға ауданның барлық қабатын қамтыған түрлі азаматтар, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер мен белсенді жастар […]
Елімізде есірткімен байланысты құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда бұл күрделі әлеуметтік мәселе тек көшеде ғана емес, интернет кеңістігінде де кеңінен таралып отыр. Әсіресе, жастар арасында кеңінен таралған мессенджерлер мен […]
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап өткендей, елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы жүріп жатқаны белгілі. Бұл тұтас халықты ұйыстырған […]
Пікір қалдыру