ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ӘКІМІ БАСТАП ШЫҚТЫ

«Таза Қазақстан» экологиялық тазалық акциясы аясында Әл-Фараби ауданы аумағында өткен сенбілік қаланың тазалығын сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға арналған үлкен шара болды. Бұл іс-шараға ауданның барлық қабатын қамтыған түрлі азаматтар, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер мен белсенді жастар қатысты. Шараның негізгі мақсаты — тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қаланың санитарлық жағдайын жақсарту және таза орта қалыптастыру болып табылады.

Сенбілікте ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, жастар мен еріктілер, кәсіпкерлер мен аудан тұрғындары барлығына ортақ мақсат жолында бірігіп жұмыс істеді. Әрбір адам өз үлесін қосып, аудан аумағында ауқымды тазалау жұмыстарын жүргізді. Ирригациялық жүйелердің тазалануы, көше бойының қоқыстан арылуы, аулалардың жағдайын жақсарту бағытындағы шаралар ұйымдастырылды. Бұл жұмыстардың нәтижесінде жалпы 17 тонна қоқыс шығарылып, 21 арнайы техника жұмылдырылды. Барлығы 16 мыңға жуық адам қатысып, өздерінің белсенділігін көрсетті. Тазалық шарасы тек аумақтың ғана емес, қала тұрғындарының санасының да тазалығын қалыптастыру мақсатында жүргізілді.

Әл-Фараби ауданында өткен осы сенбіліктің ерекшелігі — бұл іс-шараға аудан әкімі Рашид Мыңбаевтың өзі бастап шығып, тұрғындармен бірге жұмыс жасағандығы. Бұл іс-шараның басы-қасында жүріп, аудан әкімі тазалық жұмыстарының сапалы орындалуына өз бақылауын жасады. Рашид Мыңбаев ауданның барлық қызметкерлерін, белсенді азаматтарды бірлесе жұмыс істеуге шақырып, қала мен аудан тазалығына өз үлесін қосуға үлгі болды. «Әл-Фараби ауданындағы тұрғындар, сіздер өте бақытты жансыздар! Себебі сіздерде – іскер, еңбекқор, қызметіне адал және өз жұмысын жақсы атқаратын мықты әкімдеріңіз бар. Егер бізде мынадай басшылар, ұйымдастырушылар болса, біздің қаламыз одан да керемет болады», — деп өз пікірлерін білдірді аудан тұрғындары. Мұндай жылы пікірлер мен алғыстар әкімнің жұмысына деген үлкен сенімді білдіреді. Тұрғындар әкімнің жергілікті деңгейдегі жұмысына ризашылықтарын жасырмай, оның тек басшылық етуі ғана емес, өз жұмысын шын ықыласпен, адал атқаратынын атап өтті.

Қаламыздың тазалығын сақтау — бұл тек мемлекеттік органдар мен жергілікті әкімшіліктің ғана емес, әрбір тұрғынның да міндеті екенін ескерген жөн. Қоршаған ортаны ластауға жол бермей, тұрмыстық мәдениетті ұстану, табиғатқа деген қамқорлықты арттыру барлығымыздың ортақ парызымыз. Әрбір үйдің аулалары мен айналасын таза ұстау, көшелер мен қоғамдық орындарды қоқыстан арылту — бұның барлығы қала тұрғындарының қала тазалығы мен экологиясын сақтауға қосқан үлесі болып табылады.

Мемлекет басшысы өзінің жолдауында экологиялық мәселелерге ерекше мән беріп, әр азаматтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру қажеттігін атап өткен болатын. Қала мен аудан тазалығы — әрбір адамның қолында, оның ішінде жастардың, еріктілер мен белсенді азаматтардың белсенді қатысуы, аудан әкімдігі мен мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық қолдауы мен бағыт-бағдар беруі маңызды рөл атқарады. Әкімдік тарапынан осы мәселеге үлкен назар аударылып, қала тазалығы мен экологиялық мәдениетті көтеру бағытында тұрақты шаралар ұйымдастырылуда.

Әл-Фараби ауданында атқарылып жатқан экологиялық шаралар мен тазалық жұмыстарынан көрініп тұрғандай, тек мемлекеттік органдар мен әкімдіктің жұмысын ғана емес, тұрғындардың санасын өзгерту қажет екендігі байқалады. Осы мақсатта қала әкімдігі мен аудан әкімшілігі белсенді түрде түрлі экологиялық акцияларды, сенбіліктерді, және әлеуметтік шараларды ұйымдастырып келеді. Бұл іс-шаралар арқылы қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қаланың санитарлық жағдайын жақсарту ғана емес, сонымен қатар азаматтардың өзара бірлігін нығайту көзделеді.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүргізілген сенбілік тек Әл-Фараби ауданының ғана емес, Шымкент қаласының тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды шара болды. Бұл жұмыстардың нәтижесі — таза қала мен таза орта құрудың маңызды екенін көрсетеді. Тұрғындар арасындағы белсенділікті арттыру, экологиялық мәдениет қалыптастыру, қаланың көркеюі мен жайлы болуына атсалысу — баршамыздың міндетіміз.

Әрбір азаматтың атсалысуы арқылы ғана қаламызды таза, экологиялық жағынан таза, жайлы етуге болады. Әрбір шағын аудан мен әрбір тұрғын үйдің айналасын таза ұстау, санитарлық тазалықты сақтап, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу қаламыздың болашағын қамтамасыз ету үшін маңызды. Осылайша, қала мен оның тұрғындары біртұтас болып, экологиялық тұрғыдан жауапты боларымыз сөзсіз.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*