Шымкент қаласында ағымдағы жылы 1 млн дана біржылдық гүл егу жоспарланып отыр. Бүгінде қаланың орталық көшелері, айналма жол, жол бұрылыстары және вазондарда гүл отырғызу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Атап айтқанда, Бәйдібек би және Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысында орналасқан «Хан қорғанына» 45 мың дана сальвия және антирринум біржылдық гүлі егіледі. Гүлдер композициясы казақи нақыштағы ою-өрнек пішінінде көмкеріледі.
Ал, Еңбекші ауданында орналасқан №1 автожол бойындағы айналма жолға петуния, тагетес, катарантус сияқты жалпы саны 48 мың біржылдық гүл отырғызылады. Қаланың көрнекті орындарының бірі — Кабанбай батыр даңғылы мен Анаров көшесінің қиылысы, теміржол вокзалы тұсындағы айналма жол маңында да көріктендіру жұмысы жүргізілуде. Бұл аумақ шафран, сальвия және целозия секілді біржылдық гүлдермен толығып жатыр.
Гүлдер арнайы ұңғыма арқылы суарылады. Бүгінде қарқынды жүргізіліп жатқан көріктендіру жұмысына мердігер мекемелердің арнайы агроном мамандары мен техникалары жұмылдырылған.
Қоғам тұрақтылығы мен өркендеуінің негізгі тірегі – заң мен тәртіп. Бұл ұғымдар әрбір азаматтың күнделікті өмірінде ерекше орын алуы тиіс. Заңды сақтау – тек қорқыныштан емес, саналы таңдау ретінде орындалуы қажет. Ал тәртіп – адамның […]
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Мурад Юстел бастаған «Aksa Energy» компаниясының өкілдерімен кездесіп, қуаттылығы 500 МВт-қа дейін аралас циклды газ зауытын салу жобасын жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды. Қондырғы құрылысы биыл басталады. Мегаполис […]
Короновируспен ауырып жазылып шыққан шымкенттік жүкті әйел басынан өткен жағдайды баяндап берді. 36 жастағы Иринаға вирус күйеуінен жұққан екен. Айы күні жақындап қалған келіншектің екі баласынан да короновирус инфекциясы анықталған. Қауіпті дертке шалдыққан жүкті әйел […]
Пікір қалдыру