Президенттің Жолдауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында 2 млрд ағаш отырғыза отырып, елдегі орман алаңын 500 мың гектарға ұлғайту, елді мекендер мен қалаларда 15 миллионнан астам ағаш отырғызу туралы тапсырмасын орындау мақсатында барлық облыс пен орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ведомстволық бағыныстағы мекемелері 2021-2025 жылдарға арналған орманды молықтыру, орман өсіру алаңдарын ұлғайту жөніндегі Кешенді жоспарлар бекітті.
Шымкент қаласы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Жасыл белдеу» КММ-нің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, орман қорын молайтуда бірқатар жұмыстар жүзеге асырылды.
Орман алқабында отырғызылған мәдени екпелердің өнімділігі мен өсу жағдайына түгендеу жұмыстары жүргізіліп, зерделенді. Оның нәтижесі жалпы аумақтың 51,2% жерінде көшеттердің өнімділігі жақсы, орташа және қанағаттанарлық жағдайда екенін көрсетті. Жасанды орман алқабын кеңейту ең алдымен тұқымбақтардың жұмысына байланысты. Сондықтан «Жасыл аймақ» КММ қалада ағаш-бұта көшеттерін көбейтуде.
Мемлекет басшысының 2 млрд ағаш отырғызу, 2023 жылғы Абай облысында болған орман өртінен кейін орман қорғау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын тиесілі нормаларына дейін жеткізу жөніндегі тапсырмаларын орындау барысында бірқатар жұмыс атқарылды. Бүгінде орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз етілуі нормативтік көрсеткіштердің 73 пайыздан астамын құрап отыр. Биыл облыс әкімдігінің қолдауымен шағын өрт сөндіру кешенін, тракторлар, патрульдік автокөліктер, басқа да техникалар сатып алу жұмыстары жүргізілді, бұл шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Пікір қалдыру