Референдум — еліміздің даму сатысындағы маңызды мәселелелер бойынша өткізілетін бүкілхалықтық дауыс беру шарасы. Елімізде атом электр стансасын салу мәселесі осы референдум арқылы шешілетін болады. Қазіргі таңда бұл бағытта барлық өңірде референдумға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум 6 қазанда өтетінін айтқан болатын.Қазір айтулы маңызды мәселені ұйымдастыру үшін еліміздің әр аймағында қызу дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Түркістан облысына қарасты, Жетісай ауданында Референдумға дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірдің тұрғындарына түсіндірме жұмыстары да жалғасуда.
Пікір қалдыру