Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясы мүшелері «Мақтаарал аудандық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілімен бірлесе, дауыс беруге арналған үй-жайларда мүгедектігі бар адамдар үшін жасалған жағдайларға зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Бұл шараның негізгі мақсаты дауыс беру учаскелерде ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беру белсенділігін арттыру болып табылады.
Мақтаарал ауданы бойынша референдумда дауыс беру құқығына ие мүгедектігі бар азаматтар саны – 3626 құрайды. Олардың ішінде дауыс беру кезінде ерекше қажеттілікке ие азаматтар саны – 1299 (кресло-арбаны пайдаланатындар – 110, көруі бойынша – 781, естуі бойынша – 408). Олар аудандағы 62 учаскенің 59-ның дауыс берушілер қатарында бар.
Мақтаарал ауданы бойынша жалпы 62 референдум учаскелері дауыс беруге құқығы бар азаматтарға қызмет етеді және барлық учаскелерде ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың қолжетімділігі қамтамасыз етілген.
Аудандағы 62 учаскенің барлығы «Қолжетімді орта» интерактивті қолжетімділік картасына енгізілген. Барлық учаске пандустармен, тактильді жолдармен, мүгедектігі бар азаматтардың автокөлігін қоюға арналған тұрақтармен қамтамасыз етілген. Дауыс беруге арналған үй-жайларда тактильді көрсеткіштер, дауыс беруге арналған арнайы кабиналар орнатылған. Мүгедектігі бар азаматтарға арналған орын қарастырылып, компьютер, құлақаспап, лупа, жарық шамдармен т.б. жабдықталған.
Сурдоаудармашылар тартылған учаскелер саны – 11. Сонымен қатар, дауыс беру күні 3 инватакси, 4 әлеуметтік такси қызметі ұйымдастырылған.
Жетісай ауданының орталығы Жетісай қаласының құрылғанына 55 жыл толуына орай 55 жасқа толған 55 азамат дауыс берді. Жалпы қала бойынша 13 дауыс беру учаскесі бар, 45 407 қала тұрғынының 23 685-і дауыс беру құқына ие […]
Бас прокурордың тапсырмасы негізінде Мақтаарал ауданының прокуратурасы аудан аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық рейдтік іс-шарасы өткізілуде. Рейдтік іс-шараның мақсаты – мемлекет пайдасына әкімшілік айыппұлдарды өндіру және ірі көлемде қарызы бар алимент төлеуден жалтарған борышкерлердің, көлік құралдарын ұстап, […]
Сіз де өз таңдауыңызды жасап, республикалық референдумға қатысу арқылы конституциялық құқыңызды жүзеге асырыңыз. Осы мемлекеттің азаматы ретінде өз даусыңыздың маңызын сезініңіз. Жаһандық сын-қатерлер уақытында бүгінгі референдум қоғамдағы тұрақтылық пен дамудың, өркендеудің кепілі болып отыр. Мемлекет […]
Пікір қалдыру