AMANAT» партиясы жаңа оқу жылы қарсаңында «Баланы мектепке даярлайық!» жалпы республикалық қайырымдылық акциясының басталғаны туралы хабарлаған болатын.
«AMANAT» партиясы «Бақытты отбасы» жобасының аясында біршама игі істерді жүзеге асырып келеді. Солардың бірі — «Баланы мектепке даярлайық!» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы».
Акцияның басты мақсаты – көпбалалы және аз қамтылған отбасылардағы балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмектесу болып табылады.
Осы орайда, бүгін «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Сәрсенов Мұхтар Кенжетайұлы биыл 15-ші мәрте ұйымдастырылып отырған акция аясында 10 оқушыға арналған сөмкелер мен аяқ киімдерді табыстады.
Аталған игі іс-шараға аудандық партия төрағасымен біргелікте, Еңбекші ауылдық округінің әкімі Берик Агенов те қатысты.
Еліміздің әр перзенті бақытты балалық шаққа, бірегей білім мен жарқын болашаққа деген сенімге лайық. Олардың осы сеніміне шүбә келтірмей өсуі – біздің басты мақсатымыз.
Елінен қамқорлық көрген ұрпақ, халқының болшағы үшін аянбай еңбек ететіні, өздері де келешек ұрпаққа осы қамқорлықты көрсетуге ұмтылатыны сөзсіз!
Жастар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивтік мінез-құлық, өз-өзіне қол жұмсау және зорлық- зомбылықтың алдын алу мақсатында Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Мақтаарал ауданы, Еңбекші а/о, “Шұғыла”ЖББМ-нің 10 сынып оқушыларымен “Мен және […]
Энергетика саласының мамандары мен ғалымдар атом энергетикасын дамыту – осы күрделі ахуалдан шығудың жалғыз жолы екенін айтып жатыр. Ең негізгі мәселе – қауіпсіздік. Халықты алаңдатып отырған басты мәселе де осы. Қазіргі уақытта әлемде жұмыс істеп […]
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында «Азала текстиль» фабрикасы мен «Мырзакент» мақта өңдеу зауытына иелік ететін «Мырзакент-Холдинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жамалов Бауыржан Салдарұлы 5 мың медициналық бетпердені тегін таратып, 14 отбасыға азық-түлік үлестірді. «Nur Otan» партиясының […]
Пікір қалдыру