Жастар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивтік мінез-құлық, өз-өзіне қол жұмсау және зорлық- зомбылықтың алдын алу мақсатында Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Мақтаарал ауданы, Еңбекші а/о, “Шұғыла”ЖББМ-нің 10 сынып оқушыларымен “Мен және қоғам” атты семинар-тренинг өткізілді.
Мақсаты: өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру қабілетін қалыптастыру, жағымды өмірлік мақсаттарға жету мотивациясын дамыту.
Сонымен қатар, Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің және Мақтаарал ауданының полиция бөлімінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 5 қыркүйек күні мектеп -акт залында 11-сынып оқушыларына «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында кездесу өткізілді.
Жиынның басты мақсаты – білім беру ұйымдарында қылмыстық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын жүзеге асыру.
Мақтаарал ауданының полиция бөлімінің қызметкері учаскелік полиция инспекторы Құрбанов Ахат құқықбұзушылық профилактикасы бойынша түсіндіру жұмыстарымен қатар заң талаптарын баяндады.
Сонымен қатар көлік ағымының артуына байланысты жолдарда кең таралған электр скутерлері мен мопедтер жолда жүру ережелеріне қауіп төндіруде екендігін және жол қозғалыс ережелері бұзылған жағдайда олардың ата-аналарына еліміздің әкімшілік заңнамасында көзделген жауапкершілікке тартылатындығын ескертті.
Мақтаарал ауданы Жаңажол ауыл округіне қарасты Фердауси, Өргебас, Жеңіс ауылдарында топан судан зардап шеккен үйлерді бұзу жұмыстары жалғасуда. Мәселен, Жеңіс елдімекеніне жауапты боп бекітілген Шардара ауданы әкімдігі зақымдалған 66 тұрғын үйді бұзу жұмыстарымен айналысуда. Бұл […]
Бүгін Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына «Nur Otan» партиясының 40 тоннадан астам гуманитарлық көмегі келіп жетті. Бұл көмек «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің бастамасымен «Біз біргеміз» акциясы бойынша жолданып отыр. Тұрғындарға бірінші кезектегі […]
Нұр-Сұлтан қаласында өткен еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру саласының әлеуетін көрсететін «WorldSkills Kazakhstan-2019» V республикалық чемпионатының жеңімпаздарын Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қабылдады. Облыс басшылығы мен адами әлеуетті дамыту басқармасының басшылығы ойы ұшқыр әрі […]
Пікір қалдыру