«Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» демекші, тазалық туралы сөз қозғар болсақ, қоғам тазалығы, тіл, ар-ождан, жеке бастың, қоршаған ортаның тазалығы деп осылай тізбектеле береді. Бұлардың қай-қайсысы да адам үшін маңызды. Ал, біздің бүгінгі қозғайтын тақырыбымыз – қоршаған ортамыздың тазалығы.
Шымкент қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өтіп жатқан барлық іс-шараларға белсенді түрде қатысып келеді. Мәселен бүгін Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы Тассай шағын ауданында өткен «Таза көше» атты іс-шара аясында Алматы тас жолының бойы тазаланды. Бұл іс-шараға жергілікті тұрғындар, белсенді, ерікті жастар, «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері белсенді түрде қатысты.
– «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы тұрғындарды, әсіресе, жастарды айналамыздың таза болуын сақтауға өз үлесін қосуға шақырады. Қоршаған ортаны, табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет. Сондықтан Шымкент қаласының тұрғындарын осы игілікті шараға үлес қосуға шақырамын, – дейді Қаратау ауданы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Пердеш Есенбеков.
Айта кетейік, тазалық шаралары Шымкент қаласының барлық аудандарында жаппай өткізілуде және қоқыстар жиналып, тазалықты сақтау, жалпы қоршаған ортаға ұқыпты қарау ықпал етіп келеді.
Айта кетейік, тазалық жұмыстарына атсалысатын тұрғындардың әр шара сайын артып келеді. Бұл акцияға өз міндетім деп қарайтын жоғарыдағы кейіпкеріміз сияқты ұлт жаныды, елі мен жерін сүйетін азаматтардың үлгісі.
Тазалық — өркениетті қоғамның белгісі. Қаланың көркі тазалыққа тікелей байланысты. “Тазалық-табалдырықтан басталады”, сондықтан қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау әр азаматтың басты міндеті болып табылады. Тазалықты жай ғана қарапайым сөз емес, үлкен ұлағатты, мағыналы сөздердің бірі деп қарастырғанымыз жөн. Өйткені денсаулықтың кепілі — тазалық.
Расымен де тазалықтың қоғам үшін алар орны ерекше. Себебі, тазалық — ұлттың ұлылығын сақтап, мәдениетін қалыптастырып, әдебінің сақталуына жол ашатын негізгі фактор. Айтқандай, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын уақытша науқан деп қарамай, әрі қарай жалғастыра беруіміз қажет. Қазіргі кезде игі бастама ауданымызда да кең өріс алуда.
Жалпы ұлттық акция басталғаннан бері көшелер қоқыс қалдықтарынан тазартылып, жасыл желектер отырғызылып, аудан келбеті ажарлана бастады. Экологиялық акцияға өңірімізге қарасты жергілікті мекемелердің барлығы әр апта сайын үздіксіз тазалық жұмыстарын жүргізіп, жеріміздің көркеюіне бір кісідей ат салысуда. Сондықтан, өңіріміздің әрбір тұрғыны қасиетті жер ананың қойнауын ластамай, тазалықтың табалдырықтан басталатындығын үнемі қаперде ұстаса нұр үстіне нұр болар еді.
Шымкент қаласында 282 745 тұрғынға әлеуметтік көмек тағайындалды. Әлемдік пандемияға байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдай режимі кезеңінде халыққа әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында төлемақы бекітілген болатын. 2020 жылғы 11 мамыр, сағат 18:00-дегі мәлімет бойынша Шымкент қаласынан […]
Шымкенттегі №6698 әскери бөлімінде орналасқан номері №30 сайлау учаскесінде таңдау жасау 06:00-де басталды. Бөлімдегі 191 мерзімді әскери қызметші референдумге қатысып, өз таңдауларын жасады. Учаскеде әскерилердің еркін таңдау жасауы үшін тиісті мүмкіндіктер жасалған. Естеріңізге сала кетейік, […]
Еліміздің үшінші мегаполисі, Шымкент қаласында абаттандыру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда, Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан 2 гүлзарда абаттандыру, қайта құру жұмыстары жүргізілуде. «Д.Қонаев даңғылы мен Ғ.Иляев көшесі қиылысындағы гүлзарды көріктендіру жұмыстарының жобасы қолға алынды. […]
Пікір қалдыру