МЕКТЕПТЕРДЕ ТҮЙІНДІ МӘСЕЛЕЛЕР БОЛМАУЫ КЕРЕК

Қаладағы № 67 негізгі орта мектебінің ғимараты 1961 жылы салынған. Жалпы ауданы 752,3 шаршы метрді құрайды. Бүгінде мектепте 219 оқушы білім алуда. Білім ұясында физика, химия, биология кабинеттері, мультимедиялық-лингафондық кабинет және шеберханалар жетіспейді. Сондай-ақ асхана, акт залы қарастырылмаған. Мұнда 300 орындық жаңа мектеп салу қажеттілігі туындап отыр.
«Білім-инновация» қыздарға арналған № 2 лицей-интернатының іргетасы 1964 жылы қаланған. Ғимараттың жалпы ауданы – 2607,8 шаршы метр. Қыздарға арналған лицей 1993 жылы ашылды. Бір ауысымда 240 оқушы білім алуда. Жабық спорт зал салынбаған. Тек жазғы маусымға арналған спорт алаңы бар. Жатақханада орын тапшылығы мәселесі өзекті болып тұр. Жаңа оқу корпусы қажет.
Ә. Бөкейханов атындағы № 2 жалпы орта білім беру мектебінің ғимараты 1958 жылы 530 орындыққа негізделіп салынған. Қазіргі уақытта 864 оқушы екі ауысымда білім алуда. Жалпы ауданы – 4 942 шаршы метр. Спорт залы негізгі ғимараттың жертөлесінде орналасқан. Жазғы маусымға арналған спорт алаңы ғана қарастырылған. Білім ұясында орын тапшылығы туындап, жаңа мектеп салу мәселесі күн тәртібінде тұр.
Білім ошақтарының өзекті мәселелерімен танысқан қала әкімі жауаптыларға № 67 негізгі орта мектебінің ғимараты апатты деп танылуына байланысты жаңа мектеп салуды тапсырды. Осы орайда балалар қауіпсіздігін сақтау мақсатында темір жолдан өтпейтін бос жер телімін қарастыруды жүктеді. Сондай-ақ қала басшысы «Білім-инновация» қыздарға арналған № 2 лицей-интернаты алдағы уақытта Тұран шағын ауданынан салынатын жаңа ғимаратқа көшірілетінін жеткізді. Ал апатты деп танылған Ә. Бөкейханов атындағы № 2 жалпы орта білім беру мектебін жаңа мектепке айналатынын айтып, аумағын талапқа сай үлкейту бойынша тапсырма берді.
Қазіргі кезде мұғалімнің де, мектептің де, одан жоғары оқу-ағарту ұйымдарының да білім сапасының нәтижесі оқушылар үлгерімінің пайыздық көрсеткішімен өлшенетіндігі белгілі. Мәселен, тоқсанда екілік баға алған оқушысы бар мұғалім  нашар мұғалім атанатын болды. Үл­гер­мейтін оқушыларының пайыздық көрсеткіші жоғары мектеп – артта қалған мектеп. Тәжірибеде мұғалімдер «жақсы мұғалім» атанудың оп-оңай жолын тауып та алған. Ол – оқушыға нашар баға қоймау. 100% үлгерім беру!

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*