Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Өмірлік қиын жағдайға түскен адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығына барып, жұмысымен танысты. Мұнда тұрғылықты жері, жеке басын куәләндыратын құжаттары жоқ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметі есебінде тұратын адамдар қабылданады. Оларға 7 бағыт бойынша әлеуметтік көмектер көрсетіледі.
1983 жылы салынған орталықтың ғимараты 160 орынға арналған. 2006-2007 жылдары ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылу жүйесі мен шатыры ауыстырылған. Қазір жеке тұлғаға тиесілі жер телімін мемлекет қажеттілігіне алып, қосымша 50 орындық 2 қабатты заманауи ғимарат құрылысын жүргізу көзделуде. Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастар басқармасына жер телімін мемлекет мұқтаждығына алу үшін ұсыныс хаттар жолданған.
Қала әкімі аталған басқарманың басшысына орталық аумағындағы 0,0535 га жер телімінің легализациясымен жеке тұлғаға заңдастырылу мәселесін зерделеп, шұғыл ретке келтіруді тапсырды. Ал сала басшысына әлеуметтік бейімдеу орталығы ғимаратына күрделі жөндеуден өткізу және қосымша ғимарат салу үшін зерделеу жұмыстарын жүргізу бойынша тапсырма берді.
Биыл әлеуметтік бейімделу орталығында келушілердің бұрын-соңды болмаған өсуі тіркелді. Қыстың ең суық айында күн сайын 50 адам баспана іздеді. Біреу өз еркімен келеді,ал біреу мәжбүр болады.
Көбісі үсікпен жүгінді, дейді мамандар. Кейбіреулер тіпті өздігінен қозғала алмады. Мұнда оларға 4 рет тамақтану және уақытша баспана беріледі. Барлығы орталық 160 орынға есептелген. Алайда мекеме қызметкерлері қыста сыртта қалған адамдарды мүмкіндігінше қабылдауға дайын екендіктерін айтады.
Пікір қалдыру