БАҒДАРЫ ТУРА БОЛСА — БОЛАШАҒЫ ЖАРЫҚ

Жастарға батылдық, алған бетінен қайтпау тәрізді қасиеттер тəн, бұл әрине жақсы. Бірақ, өкінішке орай, олардың көпшілігі əлемдік діндердің тарихын терең біле бермейді Бұның себептерінің бірі — қазіргі жастардың діни санасының дұрыс қалыптаспағандығынан болып отыр. Бұл өз кезегінде теріс түсінік қалыптастыруы мүмкін.
Жастар ресурстық орталығы «Деструктивті діни ағымдардың кері ықпалы» тақырыбында Индустриалды техникалык колледж студенттерімен кездесу өтті. Кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Дәулетұлы Көбей қатысты.
Мақсаты — жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, ата-ананы құрметтеу, бейбітшілік пен адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру.
— Дәстүрлі дінге жат ағымдардың ұстанымдары жөнінде әлемдік ақпарат көздерінде кеңінен насихатталып келеді. Дегенмен, жат ағымның жетегіне кетіп, бармақ шайнап жатқандар да баршылық. Өздеріңізбен жүздесудегі басты мақсатта осы. Дінге қатысты қандайда сұрақтар болса, қашанда жауап беруге дайынбыз, — деді теолог маман.
Сонымен қатар, сала қызметкерлері діни ағымдарға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, Діни басқарма жанындағы Діни оңалту бөлімінің мамандарына немесе жалпы мешіт имамдарына хабарласуға шақырды.
Егер, адамдардан діннің не екендігін сұрасаң, көбінесе: «Дін — бұл сенім»,-деп жауап беріп, содан кейін ғана ол неге сенетінін айтар еді. Шынымен де, адамдардың басым көпшілігі дінді сенім деп қабылдайды, әсіресе, кез келген діндар адам өзін дінге сенетін адам деп санайды. Сенім – адамның қоршаған ортаға және ақиқатқа көзқарасын, қарым-қатынасын анықтайтын түсінік, білім, елес, идеялар. Сенім, наным — адамның белгілі бір мәліметтерді, құбылыстарды, ойлар мен көзқарастарды, пікірлерді еш күмәнсіз қабылдап, мойындауында көрінетін психиканың ерекше күйі. Сенім — адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес, қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Қажеттіліктерін орындау жолында адам дүниетанымдық көзқарасында, табиғат пен әлеумет заңдылықтары жөнінде ұғымдарына, өмір тәжірибесіне сүйене отырып іс-әрекет жасайды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*