АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҚТЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ҚАНДАЙ?

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «№ 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс барысын бақылады.
Аталған орталықта 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқуы бар І-ІІ топ мүгедектеріне стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Атап айтсақ, тұрмыстық, медициналық, психологиялық, еңбек, мәдени, экономикалық, құқықтық және педагогикалық 8 әлеуметтік қызмет көрсетіледі.
Қазіргі таңда 240 мүгедектігі бар азамат стационарлық режимде ем алуда. Орталықта 55 бейнебақылау орнатылған. Жалпы аумағы 0, 946 гектарды құрайды. Бүгінде арнаулы әлеуметтік орталықты күрделі жөндеуден өткізу мәселесі туындап отыр.
Орталықтың жағдайымен танысқан қала басшысы жауаптыларға мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайластыру мақсатында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және кез келген мезгілде ыңғайлы болу үшін спорт алаңшасының шатырын орнату бойынша нақты тапсырмалар берді.

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты 12 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтар бар.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер әлеуметтік салада психоневрологиялық ауытқуы бар, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедек балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар азаматтарға, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жалғызілікті 1-2 топтағы мүгедектер мен қарттарға стационар, жартылай стационар, үйде қызмет көрсету жағдайында мемлекеттік мекемелерге альтернатив ретінде үкіметтік емес ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Осы бағытта жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты 12 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтар бар. Олар: 1. «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі; 2. «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі; 3. «№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі; 4. «№4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі; 5. «Аялы алақан» №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-і; 6. «№6 балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі; 7. «№ 7 үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ; 8. «Өмірлік қиын жағдайдағы адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ-сі; 9. «Белсенді ұзақ өмір» орталығы» КММ-сі; 10. «Ten Qogam» әлеуметтік қолдау орталығы КММ-сі; 11. «Бақытты жанұя» орталығы КММ-сі; 12. «Аутизм және басқа да ментальды бұзушылықтары бар мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі;

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*