КЕЛІСІМ МЕН ТАТУЛЫҚ: МАМАНДАР ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Этносаралық, әлеуметтік қақтығыстардың алдын алу, негізгі бағыттар бойынша өңірлердегі мәселелерді анықтау, нақтылау және оларды шешу мақсатында ҚРАқпарат және қоғамдық даму министрлігі тарапынан «Бейбітшілік және келісім» жобасы басталған. Жоба шеңберінде Шымкент қаласы әкімдігі жанынан жұмыс тобы құрылған болатын.
Бүгін осы жоба аясында Тұран ауданы, Карл Маркс тұрғын алабындағы №48 жалпы орта мектебінің ғимаратында тұрғындармен кездесу өтті.
Қабылдауда қалалық ішкі саясат және жастар істері, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму, дін істері басқармалары мен құқық қорғау органдарының жауапты қызметшілері тұрғындардың мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын қарастырды.
–Бүгінгі іс-шара «Бейбітшілік және келісім» жобасы аясында өтіп отыр. Кездесу тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, өтініштерін басшылыққа жеткізу мақсатында қолға алынған. Қабылдауда мәселенің мүмкіндігінше оң шешімін табуын қарастырамыз. Сала басшылары мен арнайы мамандардан құралған жұмыс тобы тұрғындар арасында этносаралық келісім,әлеуметтік және еңбек проблемаларын шешу, халықтың денсаулығы, халыққа білім беру, бизнес ортаны дамыту, конфессияаралық келісім, заңдылық, тәртіп және қауіпсіздік сынды жеті бағыт бойынша қабылдау жүргізеді, – деді «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Ербол Байқонақов.
Жиынға ауыл тұрғындары көптеп жиналды. Тұрғындар жеке және қоғамдық мәселелерге қатысты сауалдарын тиісті мекеме басшыларына жолдап, талқылады.

Мемлекеттегі бейбітшілік және келісім, оның қауіпсіздігі және тұрақтылығы этносаралық қарым-қатынастың орнықтылығына, төзімділікке және оң бағытталғандығына көбіне көп байланысты. Жастарда патриотизмді, азаматтықты, дінге төзімділікті және халықтар достастығы сезімін қалыптастыруда көп ұлтты мемлекет шеңберінде дамып жатқан ұлттық қатынастар мәнді әсер етеді.

Этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудағы теориялық негізінің және тұжырымдамалық алғы шартының айқындаушы компоненттерінің бірі – санына қарамай, әрбір этнос бүкіл адамзат үшін орасан құндылық, оның баға жетпейтін игілігі және бірегей бөлігі деген қағида болады.

Айта кетейік, бұл ашық кездесу қаланың өзге аудандарында да жалғасады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*