Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Жайлы мектеп» ұлттық жоба аясында Нұршуақ елдімекенінде салынып жатқан 2 мың орындық мектептің жобасымен танысып, жұмыс барысын тексерді. Қазір білім ғимаратын салуға елдімекен аумағынан 4,2 гектар жер телімі бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес заманауи талапқа сай бой көтеретін білім нысаны 2024 жылы пайдалануға беріледі.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ұлттық жобаның алғашқы кезеңі биыл жүзеге асырылады. Яғни, Шымкентте 2023 жылы 17 300 орынға арналған 12 мектептің, ал келесі жылы 20 400 орындық 13 мектептің құрылысы басталады.
«Жайлы мектеп» аясында бой көтеретін білім нысандарының басты ерекшелігі — оның жабдықталуында. Мамандардың айтуынша, бастауыш және жоғары сыныптарға арналған бөлек блоктар, трансформер-мобильді парталар, трансформациялау мүмкіндігі бар әмбебап акт залы, балаларға арналған жеке шкафтар, оқу-зертханалық құрылғылар, ауыз су бұрқақтары орнатылып, Wi-Fi және жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылмақ. Сонымен қатар, компьютермен жабдықталған физика, химия, биология дәрісханалары мен оқу зертханалары, робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар болады.
Қала әкімі жауаптыларға ұлттық жоба аясында салынатын мектептердің, ең алдымен, оқушылар қауіпсіздігін қамтып, өскелең ұрпақтың жайлы жағдайда білім алуына қажетті шараның барлығын ескеру бойынша бірқатар тапсырма жүктеді.
Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында қалада 2025 жылға дейін 28 000 орындық 18 мектеп салу жоспарлануда.
Жобаға сәйкес жыл соңына дейін 17 300 орындық 12 мектептің құрылысы бекітілген.
Келесі жылы 10 700 орындық 6 мектеп салу жоспарланып отыр.
Түркістан облысында биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 29 білім ұясы халық игілігі үшін қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Оның екеуі Түркістан қаласында бой көтеріп жатыр. Құрылыс жұмыстарының барысы тұрақты бақылауда. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің […]
Президент бастамасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Ол туралы алғаш екі жыл бұрын Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауында айтылды. Аудан басшысы Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы қос «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстарының жай-күйімен танысты. Алдымен […]
Бұл жөнінде қалалық құрылыс басқармасының 2023 жылы атқарған жұмыстары бойынша өткен баспасөз брифингінде Олжас Тәжібаев мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша, 2023-2025 жылдар аралығында қаламызда 18 жайлы мектеп салынуы қажет. Соның ішінде 12 мектептің құрылысы өткен жылы […]
Пікір қалдыру