«Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дидар Смағұлов, журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында атқарушы билік тарапынан қаржылық заңсыздықтармен күресте көптеген мәселелерге тап болатынын жеткізді. Тіпті өңірлерде оны қорқытып, сыйақы ұсынып келісімге келуге де шақырған. Дидардың айтуына қарағанда, ең қомақты сыйыақыны Түркістан жақтан ұсыныпты.
«Бұрын қорқытулар болатын. Қазір көбісінің келісімге келгісі келеді. Маған айтады, Дидар сен мемқызметші емессің, шенеунік емессің, ақша алсаңда ол пара емес. Ала салшы, көзіңді жаба салшы болды, келісейікші дейді. Мұндай өтініштің көбісі Түркістан жақтан, оңтүстіктен келеді. Түркістанға келмеші, осы Түркістан жайлы ештеңе айтпасаң үш бөлмелі пәтер мен «камри» 70 деді. Және де, осыған дейін жариялаған постарды өшіріп, бұл мәселені көтермейсің»,- деп талап қойғанын да жеткізді.
Пікір қалдыру