ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАР ФУТБОЛЫНА БӨЛІНГЕН АҚШАНЫ БАСШЫЛАР «БАСЫП» ҚАЛҒАН БА?

Жуырда әлеуметтік желі белсендісі Олжас Мамыр, Түркістан облысында балалар футболына 87 миллион теңге бөлініп, бірақ ол қаржы «Тұран» футбол клубының президенті Әлібек Нұртаевтың әпкесінің «ИП»-сына аударылғаны жөнінде әлеуметттік желіде жазды. 
Олжас Мамырдың ол жазбасында Қазақстан футбол федерациясы Әділет Бармеқұлов пен «Тұран» футбол клубының президенті Әлібек Нұртаевқа қойылған сауалдар көп. Сол себепті, Олжастың сол жазбасын өзгеріссіз назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.
Еуроподан Түркістан облысына балалар футболына бөлінген 87 000 000 теңгені әпшесінің ИП-сына аударған ба?
Adlet Barmenkulov мырза, сіздің кәсібіңіз жақсы дөңгеленгенін халық аузында жүргені жасырын емес. Бірақ осы сіз UEFA-ның балалар футболына бөлетін қаржыны қалай жұмсайтыныңызға неге есеп бермейсіз? Әлде бұлда сіздің бір бизнесіңіз ба? Түркістан облысында қаншама команда бар, неге осы сіз бір келіп кетпейсіз? Шлииии жұмысыңыз көп пе? Көп болса, орын босатыңыз. Сосын базасы жоқ және аяққа тұрған ҚПЛ-да орны бар командалардың балалар футболына неге шет елден келген ақшаны бересіз? Ауыл-аймақ тоқалдан туған ба?
Түркістан облысы “Тұран” футбол командасының балалар футболына 87 млн теңге бөлінген. Оның қателеспесем 44 млн-нын осы клубтың президенті Әлібек Нұртаевтың әпкесі “ИП” -сы арқылы спорттық киім алынған. Былтыр ата-аналар осы клубқа доп алып берген. Себебі доптары жоқ. Осыдан түсінуге болатын шығар енді. Арықарай Бишимбаевтың соты сияқты созбайын. Әлібек мырза балалар футболына бөлінген 80 пайыз ақша почти 4 адамның айлығы, оны жасыра алмайсыз енді. Сіздің балаларға жаныңыз ашымауына не себеп?
Құрметті Асхат Жұмағали мырза!
Өзіңізден өтініп сұрауға тура келіп жатыр. Әйтпесе біздің облыста, футболға бөлінетін қаржы есепсіз. Оның үстіне букмекерге ойнап кеткен командалар. Өзіңізге барлық есепті қол астыңыздағылар берді. Мүмкіндік болса, осы істі өз бақылауыңызға алсаңыз. Үлкен футбол құрсын, балалардың тағдырына балта шапқызбасаңыз. Алдын ала рахмет 🙏
Өкінішке орай, әзірге федерация немесе клуб тарапынан ресми жауап болған жоқ. Тек, Түркстан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бастығы Мұрат Төлеубаев жауап жазыпты.
Құрметті Олжас Мамыр мырза!
Азаматтық белсенділігіңіз үшін Алғыс білдіремін.
Жуырда Департаментпен Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен оған бағынысты ұйымдарының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстары жүргізілді.
Талдау шеңберінде спорт түрлері мен бұқаралық спортты дамыту, спорт клубтары мен федерацияларға бөлінген қаржыны пайдалану, спортшылар мен жаттықтырушыларға төленетін еңбекақы қоры және басқа да мәселелер қамтылды.
Нәтижесімен, қаржылық бұзушылықтар мен жымқыру фактілері, сондай-ақ парақорлық деректері анықталып, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі жүріп жатыр.
Өзіңізге белгілі, ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Олжас мырза, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзыретіне жататын сұрақтарыңыз болса, Өзіңізге ыңғайлы уақытта менің жеке қабылдауыма келуіңізге болатынын хабарлаймын,- деп жазады ол өз жауабында.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*