Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың «әр ауыл округте шағын кәсіпорын немесе цех ашу қажет»- деген тапсырмасына сәйкес, Шардара ауданына қарасты Көксу ауылының тұрғыны жеке кәсіпкер Әлтай Заур «Ауыл Аманаты» жобасымен несиелендіріліп, өз кәсібін дөңгелетуде. Қазіргі таңға кәсіпкер жем майдалау цехы мен автожуу бекетін іске қосты. Сонымен қатар, қосымша мақта түту цехы, желімдеу,және дәмхана нысандарының құрылысын жүргізуде. Бүгінгі күні ол 4 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Кәсіпкердің жұмысымен танысуға аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев арнайы барып, Әлтай Заурдың жұмыс жоспарларын тыңдады. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге деген қолдауларды түсіндіріп, кәсібіне сәттілік тіледі.
Шардара ауданында 2025 жылғы 6 мамырда Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Аудандық мәдениет үйінде өткен бұл маңызды жиынға мемлекеттік құрылымдардың басшылары, ауған соғысының ардагерлері, әскери қызметкерлер, бөлім басшылары және […]
Шардара ауданында тамшылатып суару әдісін пайдаланып, жүгері егуге ниет білдірген түрік инвесторлар бар. Облыс әкімі инвесторлармен зауыт ашу мәселесін талқылады. Мемлекеттен қолдау болатынын айтып, Түркия елінен келген кәсіпкерлерге негізгі талаптарды түсіндірді. – Бізге ең керегі […]
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев күрделі жөндеуден өткен Шардара қаласындағы көпқабатты үйлердің тұрғындарымен кездесті. Облыс әкімі жиналған жұртқа аудандағы бірқатар күрделі мәселенің түйінін тарқатып айтты. «Тұрғын үй-қорын жаңғырту» бағдарламасы аясында кондоминиум құрылып, тұтастай жаңарған үйлердің […]
Пікір қалдыру