Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың «әр ауыл округте шағын кәсіпорын немесе цех ашу қажет»- деген тапсырмасына сәйкес, Шардара ауданына қарасты Көксу ауылының тұрғыны жеке кәсіпкер Әлтай Заур «Ауыл Аманаты» жобасымен несиелендіріліп, өз кәсібін дөңгелетуде. Қазіргі таңға кәсіпкер жем майдалау цехы мен автожуу бекетін іске қосты. Сонымен қатар, қосымша мақта түту цехы, желімдеу,және дәмхана нысандарының құрылысын жүргізуде. Бүгінгі күні ол 4 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Кәсіпкердің жұмысымен танысуға аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев арнайы барып, Әлтай Заурдың жұмыс жоспарларын тыңдады. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге деген қолдауларды түсіндіріп, кәсібіне сәттілік тіледі.
Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев жергілікті тұрғындармен жеке қабылдау өткізіп, өңірдегі өндірістік әлеует пен әлеуметтік мәселелерді талқылады. Қабылдауға алдын ала жазылған азаматтар қатысып, өндіріс саласындағы өзекті түйткілдерді көтерді. Кездесуде тұрғындар тарапынан ауданның өндірістік инфрақұрылымын жаңғырту, […]
Ағымдағы жылдың жиырма үш, жиырма бесінші тамыз аралығында Астана қаласындағы «EXPO» Халықаралық көрме орталығында он тоғызыншы Қытайлық тауарлар көрмесі өтті. Көрмеге ауданымыздың «Хамит» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативының тауарлары қойылып, Шардара ауданы әкімдігінен аудан әкімінің орынбасары Бауыржан […]
Шардара ауданының прокуроры А.Әлінің төрағалығымен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ғимаратында Шардара су қоймасы жағалауындағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарына арналған кеңейтілген мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Б. Туребеков, қала әкімінің орынбасары Б. Сүйет, Қ.Тұрысбеков […]
Пікір қалдыру