Ағымдағы жылдың жиырма үш, жиырма бесінші тамыз аралығында Астана қаласындағы «EXPO» Халықаралық көрме орталығында он тоғызыншы Қытайлық тауарлар көрмесі өтті.
Көрмеге ауданымыздың «Хамит» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативының тауарлары қойылып, Шардара ауданы әкімдігінен аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, аудандық ауыл шаруашылық бөлімнің басшысы Т.Әлімқұл, Көксу аауылдық округы әкімі Б.Кошхарбаев және бірқатар кәсіпкерлер барды.
Электромобильдер, ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтары, агротехнологиялар мен ауылшаруашылық өнімдері, автокөлік бөлшектері, құралдар, құрылыс материалдары, жарықтандыру құралдары, ванна мен ас үйге арналған керек-жарақтар, жиһаз, тұтыну тауарлары, тоқыма бұйымдары, аяқ киім мен бас киімдер, сөмкелер, азық-түлік, тұрмыстық техника, электр тауарлары және тағы басқаларды қамтитын ауқымды көрмеде инвестиция тарту және тәжірибие алмасу мақсатында кәсіпкерлер бірқатар Қытайлық компаниялармен келіссөздер жүргізді.
Қазақстан Республикасынын Су ресурстары жене ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов Түркістан облысына іссапары барысында, Шардара ауданындағы бірнеше нысандарды аралады. Вице-министр аудандағы Шардара су қоймасы бөгетінің сейсмотұрақтылығын арттыру және реконструкциялау, сондай-ақ, «Шардара ауданынын 302 дана тік дренажды […]
Шардара ауданында әлеуметтік-экономикалық даму, инфрақұрылым мен өндіріс салаларын ілгерілету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық мәжілісте бірқатар маңызды мәселелер көтеріліп, салалық басшылар атқарылған жұмыстар мен жоспарлары жөнінде […]
Бүгін Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен лездемелік аппараттық мәжіліс өтті. Жиында әр сала бойынша күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қозғалды. Арман Романұлы орынбасарлар мен бөлім басшыларынан атқарылып жатқан жұмыстардың есебін сұрап, шаруаларды ширатуды тапсырды. Сонымен […]
Пікір қалдыру