ТҮРКІСТАН: ВИЦЕ-МИНИСТР ШАРДАРА АУДАНЫНА ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

Қазақстан Республикасынын Су ресурстары жене ирригация вице-министрі
Ерболат Ибрайханов Түркістан облысына іссапары барысында, Шардара ауданындағы бірнеше нысандарды аралады. Вице-министр аудандағы Шардара су қоймасы бөгетінің сейсмотұрақтылығын арттыру және реконструкциялау, сондай-ақ, «Шардара ауданынын 302 дана тік дренажды ұңғымаларды қалпына келтіру» жобасын қарап, жауапты мамандармен жұмыс барысын талқылады. Салаға тікелей жауапты «Қазсушар» РМК бас директоры Бақытжан Кемелбеков құрлыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компаниялардың жұмыс барысындағы және құжаттамалық мәселелерін көтерді.
Сондай-ақ, аудан әкімі Арман Қарсыбаев жергілікті әкімдік тарапынан бақылау жасалынып жатқанын жеткізді.
Аралау барысында Е.Ибрайханов жұмыс жүргізіп жатқан мердігерлер мен салаға жауапты басшыларға жұмысты ширатуды тапсырып, ескерту жасады.
Айта кетсек, ауданба жалпы тік дренаждар саны 302 дананы құрайды. Олар: Қ.Тұрысбеков а/о –26, Қоссейіт а/о – 31, Көксу а/о – 51, Ұзын ата а/о – 22, Алатау батыр а/о – 36, Қызылқұм а/о – 31, Сүткент а/о – 10, Ақшеңгелді а/о – 58, Достық а/о – 37 дана. Тік дренажды ұңғымаларды қайта қалпына келтіру үшін «Ислам Даму» банкісі несие қаржысы арқылы жұмыстар жүргізу қолға алынған.
Тік дренажды ұңғымаларға конкурстық жұмыстар 3 лот бойынша ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталған.
Бірінші лот: 105 дана тік дренажды ұңғымалар Сүткент, Достық, Ақшеңгелді ауыл округтерінде орналасқан, мердігер «Асатай» ЖШС. Бүгінге дейін 30 ұңғыма қазылды.
Екінші лот: 89 дана тік дренажды ұңғымалар Ұзын ата, Алатау батыр, Қызылқұм ауыл округтерінде орналасқан, мердігер «Алматыинжстрой» АҚ «Геотерм» ЖШС. Бүгінге дейін 29 ұңғыма қазылды.
Үшінші лот: 108 дана тік дренажды ұңғымалар Қ.Тұрысбеков, Қоссейіт, Көксу ауыл округтерінде орналасқан, мердігер «Толағай 2050» ЖШС. Жайғасу, ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*