Мегаполистің микроклиматын қалыптастырып, жасыл желекті көбейту мәселелері қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тікелей бақылауында.
Бүгін қала басшысы тұрғындармен бірге аллеяның ашылуына қатысты. Желтоқсан көшесінде демеушілер есебінен салынған демалыс аймағының жалпы ауданы шамамен төрт мың шаршы метрді құрайды. Халыққа ыңғайлы болу үшін жаяу жүргіншілер жолының бойында заманауи жарықтандыру шамдары, орындықтар, шағын сәулет нысандары орнатылды, сондай-ақ суармалы көгалдар қарастырылып, жасыл желектер отырғызылды.
Қала әкімінің тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта Еңбекші ауданында тағы бір сквердің құрылысы жүргізілуде.
Жібек жолы, Сайрам көшелерінің қиылысында жаңа серуендеу аймағы пайда болады. Бұл жоба да бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Әбдімажитұлы Сыздықбеков Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қалалық мәслихат депутаттарының жиналысына қатысып, қала әкімі лауазымына Рашид Мыңбаев пен Ғабит Сыздықбековтің кандидатураларын таныстырды. Ә. Смайылов Мемлекет басшысының тиісті […]
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Шымкент қаласы Құрсай елді мекеніндегі Әл-Фараби атындағы мектепте ерекше кездесу ұйымдастырылды. «Қауіпсіз қала» тақырыбымен өткен жиынға ата-аналар, мұғалімдер, полиция департаментінің қызметкерлері және орталық мамандары қатысты. Кездесудің басты […]
В Шымкенте сотрудники полиции мегаполиса приняли участие в традиционном гарнизонном разводе. Мероприятие прошло с участием руководства Департамента полиции и было направлено на проверку готовности личного состава к несению службы, а также на укрепление дисциплины и […]
Пікір қалдыру