Түлеген Түркістандағы жаңа ғимараттар тек сыртқы келбетімен ғана емес қолданушылар мен келушілерге ыңғайлы болуы маңызды. UEFA талаптарына байланысты 2024 жылдан бастап еліміздегі барлық стадионның астында жылу болуы керек. Ел стадиондарына деген талаптың күшеюіне орай UEFA-ның халықаралық талаптарына сай «Turkestan-Arena» стадионында жылыту және су бұру жүйелері орнатылды. Сондай-ақ алаң толық ауыстырылып, табиғи көгал төселді.
Стадион алаңына Испанияда өндірілген жасанды көгал төселді. Жасанды төсем UEFA-ның барлық заманауи талаптарына сай келеді. 12 000 көрерменге арналған футбол алаңдары үшін халықаралық және ұлттық құрама командалары ойындарын ойнатуға рұқсат берілгенін ескерсек, «Turkestan-Arena» стадионына қосымша 5000 көрерменге арналған орындықтар қосу жоспарлануда. Жаңарған стадионда Қазақстан футбол федерациясы инспекциялау жұмыстары жақын күндері жүргізеді. Облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралаған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды стадиондағы жаңарту жұмыстарымен танысты. Жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар берді.
Айта кетейік, «Тurkеstan-Аrena» орталық стадионында 2022 жылы спорттың бірнеше түрінен облыстық, қалалық іс-шаралар, жергілікті футбол клубтары ел біріншілігінде футбол ойындарын өткізген.
Стадион футбол алаңынан бөлек спорт кешенінің қызметін атқарады. Кешен бокс, гимнастика, йога, ауыр атлетика, тренажер, фитнес залдарымен жабдықталған. Мұнда барлық спорт үйірмелерде балаларға тегін сабақтар ұйымдастырылған. Қонақтарға ыңғайлы болу үшін батыс бөлігінде үлкен асхана, ал шығыс бөлігінде фудкордпен қамтамасыз етілген.
Өңірде туристерге оңтайлы жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыс атқарылып келеді. Түркістан қаласында жеке инвестиция есебінен «Қолөнер орталығы» жобасы қолға алынды. Бұдан бөлек Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңындағы «Күлтөбе» ескі қалашығы абаттандырылады. Облыс орталығында аумағы 11,8 гектар жерге аквапарк, вилла аймақтары қамтылған бес жұлдызды қонақүй салу жөнінде келіссөз жүргізілді. Сондай-ақ шетелдіктер қызығушылығын ескеріп, ұлттық ойындарымызды және туризмді дамыту мақсатында 99,3 гектар аумаққа ипподром нысаны салынады.
Түркістан қаласында жыл басынан бері бюджеттің 6 миллиард теңгесі игерілмей қалған. Бұл жайлы руһани астана тұрғындарымен кездесуде облыс әкімі Дархан Сатыбалды айтты. Алайда, өңір басшысы нақты қай салаға қаралған қаражаттың игерілмегені жөнінде нақтылғана жоқ. Десе […]
Сауран – өз заманында Түркістанмен қатар дамыған көне шаһар. 2021 жылы наурыз айында Мемлекет басшысының Жарлығымен Сауран ауданы құрылып, тарихи мекеннің даңқы қайта жаңғырған еді. Бұл – ауданның, туризм саласын дамыту, оның әлеуетін арттыру әрі […]
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен өзге елдердің тәжірибесін пайдалана отырып, облыста арнайы замануи тұқымбақ ашу бойынша тапсырма берілген. Бүгінде өңір басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, басқарманың орман шаруашылығы мекемелерінің мамандары Ресей, Өзбекстан және еліміздің басқа […]
Пікір қалдыру