Сауран ауданында жиһаз өндірісі жақсы дамып келеді. Облыс басшысы Дархан Сатыбалды Сауран ауданындағы бірнеше нысанды аралап, кәсіпкерлермен кездесті. Өңір басшысы ауданға қарасты Оранғай ауылдық округінде «RICH HOME FURNITURE» жиһаз цехының жұмысымен танысты. Жаңа өндірістік цех заманауи технологиялармен жабдықталған, жылына 500-ден астам үй жиһаздарын шығаруға қауқарлы. Экспорттың негізгі көлемі Орал, Ақтөбе сондай-ақ Қызылорда, Түркістан қалаларына жіберіледі.
Жиһаз жасаушы өндірістің әлеуеті зор. Негізгі арнайы жабдықтарды шетелден алдыртады. Жиһаздардың бірегей үлгісі Ресей, Түркия, Беларусь, Қытай және Италияның сапасы мен дизайны бойынша жасалынуда. Осылайша отандық тауарлар ішкі нарықта сұранысқа ие, өзінің өнім көлемін айтарлықтай арттырып отыр.
– Облыста шағын кәсіпкерлікті, өндірісті дамыту бағытында мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қолдаулар көрсетілуде. Бүгінде өңірде жиһаз кластерін дамыту жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Ол үшін арнайы жер бөлініп, жеңілдіктер қарастырылған, – деген облыс әкімі аудан әкімі мен жауапты басқарманың басшыларына кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын ширату жөнінде тапсырма берді.
Аудан бойынша 2025 жылға дейін 61,4 млрд. теңгенің 102 инвестициялық жобасын іске асыру жоспарланған. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі саласында 23 жоба жүзеге аспақ. Сауранда 12 жиһаз цехын іске қосу жоспарда бар. Оның 9-ы жұмысын бастады.
Жиһаз саласында Түркістан өңірінің әлеуеті жоғары. Осыған орай жиһаз кластерін дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Онда жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылады. Облыс Жаңадан салынып жатқан құрылыс нысандарына қажетті жиһардар отандық өндірушілерден сатып алынады.
«Профилактика жылы» және «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Түркістан облысында азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ қаржы пирамидалары мен интернет-алаяқтыққа тұрақты иммунитетті қалыптастыруға бағытталған «ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері» форумы өтті. Экономикалық тергеу департаменті ұйымдастырған іс-шара […]
Туризм және меймандостық университеті мен Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «2024 жыл — Түркістан – түркі елдерінің туризм астанасы» атануына орай БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Тур аясында журналистер облыс орталығындағы құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазіргі […]
Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғиният Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып өңірдегі ахуалмен танысты. Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановпен бірге халыққа көмек көрсетіп жатқан бірнеше медициналық нысанды аралап, дәрігерлермен кездесті. Денсаулық сақтау министрінің орынбасары алдымен […]
Пікір қалдыру