«Профилактика жылы» және «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Түркістан облысында азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ қаржы пирамидалары мен интернет-алаяқтыққа тұрақты иммунитетті қалыптастыруға бағытталған «ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері» форумы өтті.
Экономикалық тергеу департаменті ұйымдастырған іс-шара бір уақытта облыстың үш қаласы мен 14 ауданында өтті. Форум қатысушыларына қаржы саласындағы тәуекелдер, қаржы пирамидалары, заңсыз инвестициялық жобалар және олардың салдары туралы айтылды.
Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, прокурордың орынбасары Ермұрат Шалатайұлы, Полиция департаменті бастығының орынбасары Бағланбек Айтпаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және «Аманат» партиясы филиалының өкілдері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері, депутаттар, белгілі спортшылар қатысты.
Форумда кәсіби спикерлер сөз сөйлеп, қаржылық қауіпсіздік, құқықтық сауаттылық және цифрлық ортадағы қауіптер туралы пікірлерімен бөлісті. Тақырыптық бейнероликтер, интерактивті ойын және театрландырылған қойылымдар ұсынылды, онда қаржылық сауатсыздықтың салдары туралы айтылды. Форумға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, танымдық іс-шара үшін алғыстарын білдірді.
Сонымен қатар Түркістан облысының балалар жазғы лагерьлерінде тәртіп сақшылары 4000-ға жуық оқушы мен 500 педагогтың қатысуымен қаржылық сауаттылық және интернет-алаяқтықтың алдын алу тақырыптарында дәрістер өткізді. Мұндай алдын алу шаралары алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Мақтаарал ауданындағы су шайған Өргебас ауылында алғашқы 66 үйдің іргетасы құйылып, 20 үйдің шатыры жабылып бітті. Сондай-ақ, 20 үйдің қабырғасы өріліп, бірінші жаппасын жабу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы Өргебас ауылында 195 үй бар. Оның бүгінгі […]
Түркістан облысы Арыс қаласында «Айбын» VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылуы өтті. 2 айға созылатын шара елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты іс-шара алғаш рет онлайн режимде өткізілуде. Республикалық жиынға еліміздің барлық өңірлерінен 39 команда қатысып […]
1 қазан – Халықаралық қарттар күні қарсаңында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында қазыналы қарияларымызға, ақылгөй ақсақалдарымызға, ақ жаулықты аналарымызға арналған «Белсенді ұзақ өмір» орталығының ашылу салтанаты және мерекелік іс-шарасы өтті. Атаулы іс-шараға аудан әкімі Азизхан Исмаилов, […]
Пікір қалдыру