Табиғаты тамаша Түлкібаста бүгінде өндіріс орындарыны қатары артып келеді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданына сапарында бірнеше өндіріс ошақтарын аралады.
Өңір басшысы жұмысын жандандырған жергілікті кәсіпкермен кездесті. «Стас и К» өндірістік кооперативі 2004 жылдан бері газ және су тасымалдауға арналған полиэтилен құбырларларын өндірумен айналысады. Кооператив басшысы жұмысын кеңейтіп, заманауи құрал жабдықтармен жаңа жүйені іске қосқан. Бүгінгі таңда өндіріс ошағында 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Түлкібас ауданының орталығында орналасқан «Стас и К» өндірістік кооперативі жылына 15 мың тонна пластик құбырларын өндіруде. Бүгінде түлкібастық құбырлар облыс көлемінде ғана емес, республика көлемінде сұранысқа ие.
Кооператив директоры Әбдіхалық Саитов алдағы уақытта өндіріс көлемін арттыруды көздеп отыр. Сонымен қатар, түрлі диаметрдегі құбырлар өндіретін өндіріс орны алдағы уақытта тамшылатып суғару жүйесіне арналған құрылғыл бөлшектерін де өндіруге ниетті.
Айта кетейік, өндіріс орындарының санының артуы ауданның елдің экономикасына әсер етіп қана қоймай, екі қолға бір күрек таппай жүрген жандарға жұмыс орны болып отыр.
Түлкібас ауданы соңғы жылдары жалпы өндіріс саласы бойынша облыс көлемінде алдыңғы орында. Бүгінгі таңда ауданда 40-қа жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Атап айтсақ, кен өңдеу өнеркәсібі кәсібін дөңгелетіп, тамақ өнеркәсібі саласы одан әрі дами түсті. Және бірқатар кәсіпорын құрылыс материалдарын өндірумен айналысады.
Бүгінде «Қамқорлық» бағдарламасы аясында Шардара ауданында күнкөрісі төмен отбасыларға берілетін көмектің іс-шара жоспары бекітілген. Ауданда 58 отбасы бүгінгі таңда өмірлік қиын жағдайға түскендігі анықталып отыр. Ол отбасылардың бәріне де демеушілер есебінен 734 200 теңге көлемінде […]
80 мың гектарға жуық суармалы жері бар Жетісай ауданында биылғы жылы 40,8 мың гектарға жуық жерге мақта, 19,7 мың гектар жерге бақша, 3,4 мың гектар жерге көкөніс, 7,3 мың гектар жерге дәндік жүгері мен 6,6 […]
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында техногендік сипаттағы төтенше жағдай, яғни су басу салдарынан 620 үй су астында қалған. Қазіргі таңда Түркістан облысы Мақтаарал ауданының 4 елдімекені: Жаңа-Тұрмыс ауылында (46 үй), Жеңіс ауылында (130 үй), Фирдоуси ауылында […]
Пікір қалдыру