Бүгінде «Қамқорлық» бағдарламасы аясында Шардара ауданында күнкөрісі төмен отбасыларға берілетін көмектің іс-шара жоспары бекітілген. Ауданда 58 отбасы бүгінгі таңда өмірлік қиын жағдайға түскендігі анықталып отыр. Ол отбасылардың бәріне де демеушілер есебінен 734 200 теңге көлемінде азық-түлік себеті мен ішінара қатты отын таратылып, Қызылқұм ауылында бір отбасыға демеушілер есебінен 650 000 теңге көлемінде құрылыс материалдары берілді. Қазіргі таңға 58 отбасының 26 отбасына «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» тағайындалып, бюджет есебінен 2 047 500 теңге қаржылай көмек көрсетілді.
Алдағы уақытта аудандағы аз қамтамасыз етілген, баспанаға мұқтаж 9 отбасыға демеушілер есебінен тұрғын үй алып беру жоспарлануда.
Пікір қалдыру