Фото авторы: Данияр Тұрсынбай
Облыс орталығы мәртебесін иеленгелі Түркістан қаласының даму қарқыны күшейді. 2020 жылы шаһар көшелерінің 44,6% жарықтандырылған еді. Ал 2022-2023 жылдар аралығында атқарылған жұмыстардың нәтижесімен қала аумағындағы жарықтандыру көрсеткіші 80%-ды құрады. Мамандардың мәліметіне сүйенсек, 2024 жылы құрылысы жоспарланған 218 көшедегі жұмыстар аяқталған соң, қала көшелерінің жарықтандырылуы 95%-ға жетеді. Бұл шаһар тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі мен қаланы көрікті ету мақсатында жасалып отыр. Негізгі бағыты: Түркістан қаласы аумағындағы жалпы қолданыстағы саябақтар, скверлер,бульварлар, көшелер мен жасыл аймақтарды тазалау, жинау, жасыл желектерді (ағаш, бұталар,көгал,гүлдер) күту және егу, шағын сәулеттік формалар мен ескерткіштерді, субұрқақтарды, суғару жүйелерін күтіп-ұстау және салу. Күту жұмыстары қаңтар айынан желтоқсан айы аралығанда жыл бойы жүргізіледі.
Сондай-ақ қала аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1050 жол белгісі орнатылып, 70-ке жуық көше, мектептер мен балабақшалардың жол таңбаларын жаңарту жұмыстары жүргізілді. 39 орынның жасанды жол кедергілері жаңартылды. Жолдаушыларды заңсыз тасымалдаған қоғамдық көліктерге 25-тен аса хаттама толтырылды.
Айта кетейік, Түркістанда 2023 жылы 277,2 шқ құрайтын 272 көшесіне құрылыс жұмыстарын жүргізіп, жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесін 89%-ға (895,8 шқ құрайтын 757 көшені) жеткізу жоспарлануда. Қала аумағында саябақтар мен гүлбақтар, көшелер мен жасыл баулар мен аумақтарда көгалдандыру күтіп-ұстау, санитарлық тазалық. Бұл салыстырмалы көрсеткіштер жыл санап шаһарды абаттандыру және жарықтандыру жұмыстары оң нәтижесін беріп жатқанын көрсетеді.
Пікір қалдыру