ТҮРКІСТАНДА ОРТАЛЫҚ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛҒАН АБОНЕНТТЕР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Түркістан қаласында орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған абоненттер саны – 16 336, бұл қала тұрғындарының 36,5%-ын құрайды. Аталған көрсеткішті жыл қорытындысымен 55,8%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Осыған сай, бүгінде 17 жоба әзірленіп, 11 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар 4 нысан құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды. Олар: «Шавгар» ықшам ауданы Ортақ тұрғын алабына сарқынды су желісін салу (3-кезек); «Баянауыл» шағынауданындағы кәріз жүйелерінің құрылысы; №14 пен №15 КНС аралығындағы сарқынды су жүйесінің құрылысы; «Яссы» шағын ауданы, Бірлік тұрғын үй массивіндегі кәріз жүйелерінің құрылысы (2-кезек). Сондай-ақ тағы да 4 нысанға жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалып жатыр. Аталған жобалар толықтай іске асырылған жағдайда шаһар аумағын сарқынды су желісімен қамтамасыз ету көрсеткіші 95%-ға жетеді.

Сарқынды су тазалау ғимаратында биотазалау жүйесі толық жұмыс атқару үшін тәулігіне кемінде 10 мың текше кәріз суы келуі керек.

Қала аумағы кварталішілік абоненттік желімен қамтамасыз етілмегендіктен бұл әзірше мүмкін болмай отыр.

Себебі жүргізілген сарқынды су желілерінің басым бөлігі — магистралды құбырлар.

Осыған орай қала көлемін сарқынды су жүйесімен және абоненттік қосылымдармен қамтамасыз ету мақсатында Түркістанда 14 жобаны жүзеге асыру қажет.

Қазіргі таңда 7 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Үш нысан 2023 жылы пайдалануға тапсырылады. Биыл төртеуінің құрылысы басталды. 2023 жылдың соңына дейін сарқынды су желісімен қамтамасыз ету көрсеткішін 36,3 пайызға жеткізу жоспарымызда бар. Сонымен қатар, 3 нысан республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды. Аталған жобалар толықтай іске қосылған жағдайда 2025 жылға қарай қала аумағын кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 95 пайызға жететінін жеткізді жауаптылар.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*